ТҮРКІСТАН: Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар 48 қызметші жауапқа тартылды

0
588

Олардың басым бөлігі құқық қорғау саласында қызмет еткен екен.


ТҮРКІСТАН: Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар 48 қызметші жауапқа тартылды

Түркістан облысында 2022 жылы с ыбайлас жемқорлыққа қатысы бар 48 қызметші жауапқа тартылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Өркен Балажанов баспасөз жиынында айтып берді.


Азаматтар, заңды тұлғалар мен кәсіпкерлердің құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету де осы департаменттің негізгі міндеті болып саналады. Осы ретте департамент былтыр мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуына қатысты 54 бақылау іс-шарасын жүргізіп, 1846 құқық бұзушылық анықтаған. Атап айтсақ, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік тізімдерін рәсімдеу, бос лауазымдарға конкурс өткізу, мемлекеттік қызметшілердің қызметтерін бағалау, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану, қызметтік іссапарлар шығынын өтеу барысында кемшіліктер орын алған. Тиісінше, мемлекеттік органдарға 34 ұйғарым енгізіліп, 15 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Тағы бір айта кетерлігі – 2021 жылмен салыстырғанда былтыр әдеп жөніндегі кеңес отырысында қаралған тәртіптік істер саны 34 пайызға азайған.


Жиын барысында департамент басшысы халықтың мемлекеттік қызметке қолжетімділігін арттыру бағытында да игі бастамалар жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.


«Жалпы, облыстағы мекемелер тарапынан 2022 жылы 20 миллионға жуық қызмет көрсетілсе, оның 95 пайызы электронды түрде ұсынылған. Департамент мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет көрсетушілердің жұмысын үйлестіріп, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды атқарады. Бұл тұрғыда бұзушылықтарға жол бергені үшін департаменттің ұсынысымен мемлекеттік органдардың 47 қызметкері әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Департаментпен жүргізілген бақылау жұмысының нәтижесінде лауазымды тұлғаларға қатысты 115 әкімшілік хаттама түзіліп, мемлекет кірісіне 4 334 145 теңге айыппұл өндірілді», - деді ол.


Сондай-ақ, жиын барысында 2022 жылы сыбайлас жемқорлыққа қылмысына қатысты 48 мемлекеттік қызметшінің жауапқа тартылғаны белгілі болды. Олардың басым бөлігі құқық қорғау саласында қызмет еткен екен.