ТҮРКІСТАН: Тауда жоғалған туристердің бірінің сөмкесі табылды

0
920

Қазіргі уақытта жоғалған екі туристті іздеу жұмыстары жалғастырылуда


ТҮРКІСТАН: Тауда жоғалған туристердің бірінің сөмкесі табылды

Өгем өзенінің бойынан жоғалған туристердің біріне тиесілі сөмке табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өгем өзенінің бойынан жоғалған туристердің бірінің сөмкесі табылды. ТЖМ құтқарушылары табылған сөмкені полиция қызметкерлеріне табысталды. Қазіргі уақытта жоғалған екі туристті іздеу жұмыстары жалғастырылуда.

Аймаққа «Қазавиақұтқару» АҚ 2 тікұшағыменаэровизуалды барлау жасалуда. Іздеу жұмыстарына Түркістан облысы ТЖ департаментінен, Полиция департаментінен,ҰҚК Шекара қызметінен, Орман шаруашылығынан, Өзбекстан Республикасы ТЖМ жеке құрамынан 73 маман, 12 бірлік техника және жоғалған туристердің туыстары жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары сегіз бағыт бойынша жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жоғалған жеті туристің үшеуі аман табылып, екеуінің денесі табылғанын хабарлаған болатынбыз. Ал, қалған екі туристі іздеу жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр, оған өзбекстандық құтқарушылар да жұмылдырылды.