Қасқасу тауында адасқан туристер Өзбекстанға өтіп кеткен болуы мүмкін

0
932

Маман туристердің алдын ала белгілеген бағыты бойынша тау арасын сүзіп шыға керек және көрші елмен де байланысқан жөн деп санайды.


Қасқасу тауында адасқан туристер Өзбекстанға өтіп кеткен болуы мүмкін

ERNUR.KZ. Түркістан облысында тауға кетіп табылмай жатқан туристер жолға кететін уақытты дұрыс есептемеген. Тауға өрмелеудің шебері Тарас Моисеев осындай пікірде, деп хабарлайды Хабар24.

Оның айтуынша туристік топтың жетекшісі бір апта жүретін жолды үш күнде басып өтеміз деп жоспарлаған. Сәйкесінше азық-түлікті де үш күнге ғана алуы мүмкін. Сондықтан іздеу жұмыстарын барынша күшейту керек. Қазір тау ішінде қар еріп, бұлақтар тасып жататыны белгілі. Бұл да туристер тобының қозғалысын тежеуі ықтимал. Бағытынан жаңылса да олар алдағы күндері тау етегіндегі ауылдардың біріне жетіп қалады деп болжайды маман.

Ол туристердің алдын ала белгілеген бағыты бойынша тау арасын сүзіп шыға керек және көрші елмен де байланысқан жөн деп санайды.

- Қазір міндетті түрде Өзбекстанның шекара қызметіне сұрау салу керек. Туристер адасып сол елдің аумағына өтіп кетуі мүмкін. Бірнеше жыл бұрын осындай жағдай болған. Сол кезде шекараны бұзғаны үшін туристерді қатаң жазалаймыз деп, үкіметаралық келісіммен әрең дегенде елге қайтарған. Туристік топтың жетекшісі айтқан бағдарға қарасақ, олар Өзбекстанның шекарасынан 3-4 шақырым жерден өтеді. Тұман немесе басқа жағдайдарға байланысты ары асып кетуі де ғажап емес. Оның үстіне туристер жас, тауда көп жүрмеген. Аяғы ауырып, шаршап, тынығуға көп уақыт жұмсауы да мүмкін, - дейді тауға өрмелеу ережелерін нұсқаушы Тарас Моисеев.

Еске салайық, 21 мамыр күні жеті адамның Сайрам-Өгем табиғи Ұлттық паркіне саяхатқа шығып, содан оралмағаны туралы айтқан болатынбіз. Олар ата-аналарына үш күннен кейін қайтамыз- депті. Бірақ бүгінге дейін ешқайсы туыстарымен байланысқа шықпаған.

Өңірде студенттерді іздеу жалғасып жатыр. Елуден астам құтқарушыға полиция қызметкерлері мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекарашылары қосылды. Олар демалушылар мен саяхаттаушылар жүретін барлық бағыты тексеруде. Қазір аумақты тікұшақпен барлап, адам аяғы жететін жерлерді биіктен қарап жатыр. Алайда іздеу жұмыстары әзірге нәтижесіз.