Жауын-шашынның аз түсіп, құрғақшылық орын алуына байланысты егін шаруашылығының нақты көлем индексі әсерін тигізді.
Төлеби ауданындағы ауыл шаруашылық саласында атқарылған жұмыстар сараланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облыстық ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Оспанов Тұрғанбек Төлеби ауданына арнайы іс-сапармен келді. Аудан әкімдігі ғимаратында өткен жиынға Тұрғанбек Үсенбекұлы, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бақберген Тәңірбергенұлы қатысып, күзгі егін жинау жұмыстары мен ауыл шаруашылық саласында атқарылған жұмыстарды саралады.
Биылғы жылдың 8 айында аудан көлемінде ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 29.6 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102 пайызды құрады. Жауын-шашынның аз түсіп, құрғақшылық орын алуына байланысты егін шаруашылығының нақты көлем индексі әсерін тигізді. Жалпы ауданда егілген егіс көлемі – 65587,7 га құрайды. Оның ішінде бидай - 14384,3 га, арпа - 7017,9 га, дәндік жүгері - 2,3 га, ноқат - 145 га, майлы дақылдар -11329,1 га, жоңышқа - 29348 га, сүрлем жүгері - 75,1 га, картоп-1353,9 га және көкөніс - 1808 га. Бүгінге дейін 21544,5 га астық дақылдары толығымен орылып, 37468,2 тонна астық дақылдары жиналған. Алдағы уақытта мақсарыдан 8950,6 тонна, күнбағыстан 47,3 тонна, картоптан 23287,1 тонна өнім жиналады деп күтілуде.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша салаға жауапты ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Құттымұрат Тұрғынбаевқа және қала, ауылдық округ әкімдеріне бекітілген межелерге жетпегені ескертілді. Сонымен қатар, 9 айдың қорытындысымен көрсеткіштерді орындау тапсырылды.