Мұнда өзінің сұрағы бойынша келген азаматтарға арналған анықтама бұрышы, медиаторлар мен адвокаттардың кабинеті, азаматтардың құжаттарын қабылдау бөлмесі, сот бөлмесі бар.
Бүгін Төлеби аудандық сотында фронт-офис ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аудандық соттың төрағасы Сейтжаппаров Жәнібек кеңсенің жұмысымен таныстырып, мұндай офистер Республикалық деңгейде қолға алынғандығын, қазіргі таңда барлық аудандарда қызмет көрсетіп жатқандығын айтып өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлықтау рәсімінде елімізді дамыту бойынша он бағытты таңдап, айқындады. Сол он бағыттың бірі сот және құқық қорғау жүйелерін реформалау. Осы мақсатта Төлеби ауданында сот жүйесіндегі жұмыстардың ашықтығын, сот жұмысының жаңа форматының халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сот ашықтығы деңгейін арттыруға бағытталған Фронт-офисі ашылып отыр. Төлеби бабамыз айтқандай «Әділ бидің елін дау араламайды, Әділ патшаның елін жау жағаламайды» дей келе Төлеби аудандық сотында ашылған Фронт-офисінің жұмысына сәттілік тілеймін», - деді фронт-офистің салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған аудан әкімі Б.Омарбеков.
Айта кетейік, фронт-офис халыққа қызмет көрсетудің заманауи стандарттары бойынша атқару техникасымен жабдықталған. Мұнда өзінің сұрағы бойынша келген азаматтарға арналған анықтама бұрышы, медиаторлар мен адвокаттардың кабинеті, азаматтардың құжаттарын қабылдау бөлмесі, сот бөлмесі бар. Бөлмелерде жұмыс істеуге барлық мүмкіндіктер жасалған.