ТҮРКІСТАН: Төлебиде «Халық сақшыларының» саны жүзден асты

0
717

Анти-террорлық операцияларды қолдауға кірісті.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде «Халық сақшыларының» саны жүзден асты

Төлеби ауданындағы еріктілер қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінде Төлеби ауданындағы еріктілер өңірдегі қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуда. Еріктілер «Халық сақшылары» топтарын құрып, елімізде жүргізіліп жатқан анти-террорлық операцияларды қолдауға кірісті. Әр топтағы еріктілер саны 30 болса, жалпы саны 120-ға жетті.


Аталған сақшылар елді лаңкестерден қорғау үшін тұрғындарды бірлікке үндеп, күш біріктіруге шақыруда. Еріктілер топтарға бөлініп полиция қызметкерлерімен бірге кезекшілікте тұрып жатыр.