ТҮРКІСТАН: Төлебидегі жиһаз цехы айына 200 орындық дайындайды

0
1 242

Кәсіпорында 25 адам жұмыс істейді.


ТҮРКІСТАН: Төлебидегі жиһаз цехы айына 200 орындық дайындайды

Төлеби ауданы Киелітас ауылдық округіндегі «Меруерт» жиһаз цехы бүгінде үстел, орындық, жұмсақ жиһаз, жатын бөлмесінің жабдықтарын дайындауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазіргі таңда төлебилік цех дайын өнімді еліміздің барлық өңірлеріне жеткізуде. Сондай-ақ, Шымкент қаласында орналасқан дүкен арқылы сатылымға шығарады.


«Қажетті шикізат Ресей елiнен және Алматы қаласынан тасымалданады. Алдағы уақытта өндіріс көлемін көбейтiп, жұмыс орны санын арттыру жоспарда бар», - дейді "Меруерт" ЖК бас есепшісі Ләззат Мырзалиева.


Атап өтсек, өндіріс орны 2018 жылдың тамыз айында іске қосылған. Негізгі өндіретін өнімдері ақ қайың мен қара ағаштан үстел және орындықтар секілді жиһаз түрлері. Цех ай сайын 200 орындықты тұтынушыға ұсынады. Кәсіпорында 25 адам жұмыс істесе, олардың орташа жалақы көлемі 70-100 мың теңге аралығында.