​ТҮРКІСТАН: Төлебиліктер әлемдік додада жеңімпаз атанған балуанға құрмет көрсетті

0
794

Стадионға аудан тұрғындары, жанкүйерлер жиналып, ауданынның абыройын асқақтатқан спортшыға құрмет көрсетті.


​ТҮРКІСТАН: Төлебиліктер әлемдік додада жеңімпаз атанған балуанға құрмет көрсетті

Төлеби ауданының орталығында жуырда ғана Португалия астанасы Лиссабон қаласында дзюдо күресінен өткен әлем чемпионатының жеңімпазы Мәди Нәбиевпен кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Стадионға аудан тұрғындары, жанкүйерлер жиналып, ауданынның абыройын асқақтатқан спортшыға құрмет көрсетті. Кездесуге аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров, аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев қатысып, балуанды жеңісімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.

"Мәди 2017 жылы самбодан әлем чемпионы және халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазақша күрестен, самбодан және дзюдодан бірнеше дүркін республика, облыс чемпионы. Қазақша күрестен 3 дүркін Төлеби ауданының түйе палуаны. Байрақты бәсекелерде аудан абыройын асқақтатқан спортшымыздың жеңісі жерлестерімізге қуаныш сыйлайды. Алдағы уақытта да спорт саласында жетістікке жетіп, еліміздің мерейін үстем етеді деп сенім артамыз, - деді аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Хамзаұлы.

Шара соңында Мәди Нәбиевке аудан әкімі Төлеген Тұртайұлының атынан ат мінгізіліп, шапан жабылды. Балуан өз кезегінде, өзіне жанкүйер болып, қолдау білдірген аудан халқына алғысын білдірді.