ТҮРКІСТАН: Түлкібастық тағы бір отбасы АӘК қаржысына кәсіп ашты

0
1 699

Көпбалалы ана жәрдемақы арқылы өз жағдайын жақсартпақ.


ТҮРКІСТАН: Түлкібастық тағы бір отбасы АӘК қаржысына кәсіп ашты

Мемлекет тарапынан беріліп жатқан атаулы әлеуметтік көмектің шарапатын көрген түлкібастық азамат кәсіп ашып, өз шаруасын бастап отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түлкібас ауданы, Кемербастау ауылдық округіне қарасты Күмісбастау ауылының тұрғыны 6 баланы өсіріп, тәрбиелеп отырған Жібек Жұмабекова атаулы әлеуметтік көмектің арқасында шаруасын дөңгелете бастаған көпбалалы ананың бірі.


"Өзім мектепте еден жуушы болып жұмыс жасаймын. Осы уақытқа дейін қанша еңбектеніп, тыраштансақ та ақша құрғырдың жетпейтіні жанымызды қынжылтатын. Жанарлары жәутеңдеп жанымда жүрген балаларымның болашағын ойлап мазасызданатынмын. Оларды қалай оқытып, қалай үй-жай етемін деп те көп ойлайтынмын. Ондай жағдай кез-келген ата-ананың басты проблемасы болатыны анық. Үкіметтен алатын аз-маз жәрдемақым мен айлығым біріне жетсе, біріне жетпей қалатын. Тартып, таянып жоқтан бар шығарған күндеріміз де болды. Бірақ, қазір жағдайымыз мүлде өзгерді. Елбасымыздың және жаңа Президентіміздің шығарған өкімінің арқасында бізде мәре-сәре болып қалдық. Жылына 1591030 теңгені құрайтын көмек берілді. Бұл көрсеткіштің біздер тек 3 айды құрайтын теңге мөлшерін алдық", - дейді көпбалалы ана.

Аталған қаржыға бүгінде екі сауынды бұзаулы сиыр алып, одан шыққан сүт пен айранды, қаймақ бен сүзбені дүкенге өткізеді екен. Тапқан табысын балалардың керек-жарағына жұмсауда. Осындай үлкен көмек көрсетіп отырған басшылық пен үкіметке өз алғысын білдірді. Алдағы уақытта мал шаруашылығын дамыта отырып, берілген көмекті тиімді пайдаланып, соның арқасында өз жаңдайын жасқартуды көздеп отыр.

Айта кетейік, жуырда түлкібастық тағы бір көпбалалы ана атаулы әлеуметтік көмектің қаржысына кәсіп ашып, қаз өсірумен айналысуды бастаған еді.