ТҮРКІСТАН: Тұрғын үйлерге үш мыңнан астам көмірқышқыл газын анықтайтын датчик орнатылды

0
815

Датчиктер Сәтпаев көшесі бойындағы тұрғын үйлерге орнатылды.


ТҮРКІСТАН: Тұрғын үйлерге үш мыңнан астам көмірқышқыл газын анықтайтын датчик орнатылды

Түркістан қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері тұрғын үйлердегі өрттердің алдын алу мақсатында рейттік іс-шара өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Басты мақсат - қатты отынмен жылытылатын үйлердегі өрт шығу мен көмірқышқыл газымен улану жағдайларының алдын алып, қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Осы мақсатта, қалалық ТЖБ және "КазТрансГаз" филиалының бірлесуімен қатты отынмен жылытылатын тұрғын үйлерде тұратын аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасылардың мұржаларын тазалау, көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктерін орнату жұмыстары жасалды.

Нәтижесінде, Түркістан қаласы Сәтпаев көшесі бойындағы тұрғын үйлерге көмек көрсетіліп, 3085 дана көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктер орнатылған. Сонымен қоса, жылу беру маусымында "Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау" бойынша мағлұматтар берілді.

Жалпы, аталған шараға бөлім қызметкерлерімен қатар, “Umit” және “Қазақстан еріктілер лигасы” еріктілері бірігіп, жалпы 250 тұрғын үй араланып, оған екі мың адам қамтылған. Аталған түсіндірме жұмыстары жылу беру маусымы аяқталғанға дейін жалғасын таппақ.