Бірқатарының қабылдау барысында түйіні шешілсе, енді бірі қаржы мен уақытты талап етеді.
Бейсенбай Тәжібаев кезекті рет жеке қабылдау өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев кезекті рет жеке қабылдау өткізді. Қабылдауда өңірдің әр аумағынан алдын ала жазылып келген 10-ға жуық адамның мәселесі тыңдалды. Жетекшілік ететін білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік салаларға байланысты шағымдар зерделенді. Жауапты тұлғалар қатыстырылды.
Өтініш иелерінің басым бөлігі әлеуметтік мәселелерге шешуді сұрады. Атап айтқанда, медициналық көмек, мектеп формасына қаржылай қолдау жасау, АӘК пен мемлекеттік грант алу, балаларды ыстық тамақ және сабаққа қажет құралдармен қамту, жұмысқа орналастыру, мүгедектіктегі категорияның өзгеруі, жобаларды іске асыру туралы талап-тілектерін жеткізді.
Бірқатарының қабылдау барысында түйіні шешілсе, енді бірі қаржы мен уақытты талап етеді. Азаматтарға заңдылығына қарай түсіндірмелер берілді. Мәселелер хаттамаға енгізіліп,қадағалуда болады. Тиісті басқармалар мен әкімдіктер тарапынан жауаптары жолданады.