ТҮРКІСТАН: Жас футболшылар Ұлттық мектеп лигасында жеңіске жетті

0
125

Ақмола облысының командасын 4:3 есебімен жеңіп, чемпион атанды.


ТҮРКІСТАН: Жас футболшылар Ұлттық мектеп лигасында жеңіске жетті

Талдықорған қаласында кіші футболдан «Ұлттық мектеп лигасы – 2025» республикалық турнирі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Аладоп додасында Созақ ауданындағы Л.Бөкенов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9–11 сынып оқушылары құрамасы өнер көрсеткен болатын. Созақтықтар Қостанай облысын 9:3 есебімен ұтып бастап, барлық кездесулерде басымдық танытқан. Ақтық сында Ақмола облысының командасын 4:3 есебімен жеңіп, чемпион атанды.


Аудан мерейін үстем еткен жас футболшыларды аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы қабылдап, жеңімпаз команда мүшелері мен бапкерлеріне алғыс хаттар мен сый-сыяпат табыс етті.


«Жастардың спорттағы жетістігі – тек мектептің ғана емес, ауданымыздың абыройы. Бұл жеңіс – тәртіп пен табандылықтың, тынымсыз дайындық пен өзара бірліктің жемісі. Біз сіздермен мақтанамыз! Жеңістеріңіз көбейе берсін!» – деді аудан басшысы.

Бөлісу