ТҮРКІСТАН: Жасөспірімдердің қауіпсіздігі тұрақты бақылауда

0
152

Өзекті мәселелерді жүйелі шешу жолдарын қарастыру мақсатында өткен басқосуға облыстық прокуратура, полиция департаменті, тиісті облыстық басқармалар және аумақтық департамент басшылары қатысты.


ТҮРКІСТАН: Жасөспірімдердің қауіпсіздігі тұрақты бақылауда

Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігі тұрақты бақылауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Мәжілісте кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың, ерте жүктіліктің және өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу жұмыстарын күшейту мәселелері сараланды. Өзекті мәселелерді жүйелі шешу жолдарын қарастыру мақсатында өткен басқосуға облыстық прокуратура, полиция департаменті, тиісті облыстық басқармалар және аумақтық департамент басшылары қатысты.


Мәжілісте облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев алда Жаңа жыл мерекесі келе жатқанын айтып, осыған байланысты балалардың қауіпсіздігіне баса назар аударып, жаңа жылдық отшашулар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттігіне тоқталды. Сонымен қатар полиция департаментімен бірлесіп, түнгі уақытта мейрамханалар мен түнгі ойын клубтарына арнайы рейдттік шаралар жүргізлуі тиіс екендігін ескертті.


– Жылды қорытындылап, комиссия отырысын өткізіп отырмыз. Мемлекет басшысы, бала құқықтарын қорғау мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін нақты атап өтті. Қолданыстағы Заң талаптарына сәйкес, тиісті мемлекеттік органдар кәмелетке толғандардың құқтарының қорғалуы бойынша тұрақты түрде түрлі шараларды қабылдап отыру міндетті. Бүгінде облысымызда бала құқықтарын қорғау бағытында қауіптердің алдын-алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқандығына қарамастан, келеңсіз оқиғалардың кездесетіні өкінішті. Мәжілісті құр есеппен жаба салуға болмайды. Бұл – жыл бойы айналысатын шаруа. Сол себепті, іс-шара жоспарын құрып, жұмысты жандандырыңыздар. Бала кіммен тұрады, қандай отбасыда өмір сүреді, әлеуметтік жағдайы қалай? Бәрін анықтап, зерделеу жасап, мәліметтер базасын толықтырып шығыңыздар, – деді Бейсенбай Дәулетұлы.


Жиын барысында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова білім басқармасы тарапынан кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі жыл бойындағы атқарылған жұмыстарға тоқталды.


Одан соң жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылық бойынша атқарылған жұмыстар туралы Облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының орынбасары, полиция полковнигі Бегімхан Ахметов баяндады. Ол 11 айда жасөспірімдермен жасалған қылмыстар 6 пайызға төмендегенін айтып, қылмыстардың басым бөлігі түнгі уақытта ата-аналардың бақылаусыз жүрген жасөспірімдер арасында тіркелетінін айтты. Сол себепті, ұдайы түрде «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім» жедел профилиактикалық іс-шаралары мен түнгі рейдтер жалғасып жатқанын жеткізді.


Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мадина Мамбетова кәмелетке толмағандардың арасындағы ерте жүктілік және өзін-өзіне қол жұмсау фактілері жөнінде баяндады. Алдын алу жұмыстарына тоқталды. Облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Ернар Бектаев та осы саладағы атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып берді.


Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары көтерілген мәселелер назарға алынып, тиісті мемлекеттік органдар жұмыстарды жандандыру қажеттігін тапсырды. Сондай-ақ мәжілістің қорытындысымен хаттамалық тапсырмалар берілді.

Бөлісу