ТҮРКІСТАН: Жастардың белсенділігін арттыратын жобалар жанданады

0
67

Облыс әкімінің орынбасары тікелей бақылауына алып, жауаптыларға жұмысты күшейтуді ескертті.


ТҮРКІСТАН: Жастардың белсенділігін арттыратын жобалар жанданады

Түркістан облысында жастардың белсенділігін арттыратын жобалар жанданады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте өңір жастарының дамуына бағытталған жобалар мен алдағы уақытта өтетін маңызды іс-шараларға дайындық барысы пысықталды. Жиынға жауапты басқарма өкілдері қатысып, ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды.


Ертай Кенжебекұлы жастарға қолдау көрсету, оларды жан-жақты дамыту, белсенділігін арттыру бағытындағы жоспарды қайта қарап шығуды тапсырып, балаларға қатысты зорлық-зомбылық, құқықбұзушылықтар мен келеңсіз оқиғалардың алдын алу керектігін ерекше атап өтті.


– Жаңа оқу жылы басталмай тұрып, мектеп психологтарымен, сала мамандарымен бірлесіп, семинарлар ұйымдастыру қажет. Жастармен жұмыста нақты нәтиже мен жүйелілік болуы тиіс, – деген облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға жоспардағы іс-шараларды толықтыру тапсырылып, идеологиялық жаңғырту бағытындағы жаңа жобаларды ұсыну қажеттігін атап өтті.


Жиын барысында елді мекендердегі спорт және инфрақұрылым саласын дамыту, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және жұмыспен қамту салалары бойынша да өзекті мәселелер қозғалып, тиісті тапсырмалар берілді. Облыс әкімінің орынбасары тікелей бақылауына алып, жауаптыларға жұмысты күшейтуді ескертті.

Бөлісу