ТҮРКІСТАН: Жетісайлық полицейлерге қызметтік көлік берілді

0
227

30 байланыс құралын (рация) табыс етті.


ТҮРКІСТАН: Жетісайлық полицейлерге қызметтік көлік берілді

Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов осындай көзсіз ерлік иелері – бейбіт күннің батырларымен кездесіп, мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Өз өмірін өзгелер үшін қатерге тігіп, азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамның тыныштығын сақтау жолында бел шешпей еңбек етіп жүрген тәртіп сақшыларының қызметі шын мәнінде айтуға, мақтануға, қай кезде болса да қолдауға тұрарлық.


Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов осындай көзсіз ерлік иелері – бейбіт күннің батырларымен кездесіп, мерекемен құттықтады.


Кездесу барысында аудан басшысы алдағы уақытта тәртіп сақшыларының шақыртуларға уақытылы кешікпей баруларына, аудан азаматтарының полиция қызметкерлеріне деген сенімділігі мен жұмыс сапасын бұдан да арттыру мақсатында қызметтік 2 жеңіл автокөлік, 30 байланыс құралын (рация) табыс етті.


Айта кетейік, бүгінде Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қоғамдық тазалықтың сақталуы, тұрғындар арасындағы нашақорлық пен құқықбұзушылықтың, интернет алаяқтықтың алдын алу және әкімшілік айыппұлдарды орындау бойынша атқарылған жұмыс нәтижелері бойынша облыс бойынша үздік үштікте.

Бөлісу