ТҮРКІСТАН: Жыл басынан бері 706,1 мың тонна өнім экспортталды

0
609

Облыс басшысы өңірдің 10 ай ішіндегі экономикалық-әлеуметтік ахуалына кеңінен тоқталды.


ТҮРКІСТАН: Жыл басынан бері 706,1 мың тонна өнім экспортталды

Түркістан облысында жыл басынан бері 706,1 мың тонна өнім экспортталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Еліміздің ауыл шаруашылығында Түркістан облысының үлесі 12% - ды құрайды. Әлемде және елімізде орын алған карантиндік шараларға қарамастан, жыл басынан бері 706,1 мың тонна өнім экспортталып, 90,5 млн. АҚШ

долларын құрады. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 692,1 мың тн. және мал шаруашылығы өнімдері 14 мың тн. құрайды.

Бұл жөнінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Орталық коммуникациялар қызметінің Түркістан қаласында өткізген көшпелі баспасөз конференциясында мәлімдеді. Мемлекет басшысы Жолдауының жүзеге асуы және Түркістан қаласын дамыту барысы бойынша баспасөз конференциясы жаңа форматта өтті.

Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығындағы Конгресс Холл ғимаратында өткен көшпелі брифингте облыс әкімі Ө.Шөкеев осындай жақсы бастаманы қолдап, іске асырған ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне алғысын білдірді. Облыс басшысы өңірдің 10 ай ішіндегі экономикалық-әлеуметтік ахуалына кеңінен тоқталды. Түркістанның ертеңі бойынша жоспарланған іс-шаралармен бөлісті.

«Облыс экономикасының басты драйвері – ауыл шаруашылығында жыл басынан бері 522,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 103,5%-ды құрады. Барлық шаруашылықтарда мал басы көбеюде. Атап айтқанда, ірі қара мал басы 1,1 млн бастан, қой мен ешкі – 4,4 млн бастан асады. Түйе 16,2%-ға артып, 34,1 мың бастан асты. Ет өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 158,4 мың тоннаны құрады, сүт өндіру 600,5 мың тоннадан асты», - деп атап өтті Өмірзақ Шөкеев.

Республикада ірі қара мал етін экспорттау бойынша облыс 1 орында. Өзбекстан, Ресей елдеріне 5343,8 тн. сиыр еті, Өзбекстан, Иран, Бахрейн, Ресей елдеріне 301,1 тн. қой еті, Өзбекстан, Ресей елдеріне 33,8 тн. жылқы еті экспортталды.Сонымен қатар, Ресей, Украина, Белоруссия елдеріне 133,4 мың тонна бақша өнімдері экспортталды. 1690,8 тонна балық өнімдері Еуропа (Германия, Литва) және Ресей, Украина, Өзбекстан елдеріне 13 тонна шұжық өнімдері және 1876,9 тонна құс еті Ресейге экспортқа шығарылды.