Түркістанда кәріз жүйелерінің құрылысы қарқынды жалғасып жатыр

0
90

Бүгінде №2 кәріздік насос станциясында қазба жұмыстары атқарылуда.


Түркістанда кәріз жүйелерінің құрылысы қарқынды жалғасып жатыр

Түркістан қаласында кәріз жүйелерінің құрылысы қарқынды жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда орталықтандырылған сарқынды су жүйесімен қамту мақсатында бірқатар ауқымды жоба қолға алынып, кезең-кезеңімен іске асырылуда.


Қазіргі уақытта Сауран және Шауғар секторлары мен Баянауыл шағын ауданында кәріз желілері мен насос станцияларының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Нақтырақ айтқанда, Сауран секторында 83 көшедегі 4 372 абонентті қамтитын желі биыл пайдалануға берілмек. Бүгінде №2 кәріздік насос станциясында қазба жұмыстары атқарылуда.


Ал Баянауыл шағын ауданында 25 көше, 2 103 абонентке қызмет көрсететін желінің құрылысы Жангелдин көшесіндегі магистралдық құбыр қазу жұмыстарымен жалғасуда.


Сонымен қатар Шауғар мөлтек ауданында ұзындығы 99,9 шақырымды құрайтын желі арқылы 3 294 абонентті қамту жоспарланып, Шала Бақсы және Семей көшелерінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.


Айта кетейік, қазіргі уақытта облыс орталығы тұрғындарының 36,5 пайызы, яғни 17 580 абонент орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған. Қала аумағында жалпы 27 кәріздік насос станциясы жұмыс істейді. Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында биыл 13 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Бөлісу