Түркістанда туристік-рекреациялық орталық салынып жатыр

0
596

Болашақта туристік орынға жағалау мен жасанды көлдің дамбалары тұрғызылған.


Түркістанда туристік-рекреациялық орталық салынып жатыр

Түркістан облысының әкімі бірнеше нысанның құрылысын аралап көрді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі «Мұз сарайы», қара өрік бағы және бірнеше нысанды аралап көрді. Әкімшілік-іскерлік орталығы маңында салынып жатқан қалалық саябақ пен жасанды көлдің құрылыс барысын бақылады.


Сонымен қатар, Түркістан қаласының шеткі бөлігіндегі «Түркістан» туристік-рекреациялық орталығының құрылысымен танысты. Мұнда болашақта туристік орынға айналатын жағалау мен жасанды көлдің дамбалары тұрғызылған. Жасанды көлді тереңдету жұмыстары және су жіберетін каналдың бетон құю жұмыстары аяқталған. Жасанды көл түбіне 500 000 м2 геомембрана төселіп, топырақпен қайта көмілген. Нысанның құрылысы биыл қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланған.