​Түркістанда «Түркілер төрі – Түркістан» атты жас ақындар айтысы өтті

0
59

Бірінші орынды астаналық Нұртілеу Төленбек қанжығасына байлады.


​Түркістанда «Түркілер төрі – Түркістан» атты жас ақындар айтысы өтті

Түркістандағы «Фараб» кітапханасында ұлттық сөз өнерін дәріптеу, жас ақындардың шығармашылық әлеуетін қолдау мақсатында «Түркілер төрі – Түркістан» атты жас ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Айтысқа еліміздің әр өңірінен келген жас ақындар қатысып, суырыпсалмалық өнердегі шеберліктерін, ой ұшқырлығы мен сөз тапқырлығын ортаға салды. Айтыскерлердің өнерін белгілі айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков бастаған қазылар алқасы бағалады. Қазылар құрамында Бекмұрат Анарбаев пен Өміржан Жанбосын болды.

Айтыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталып, үздік өнер көрсеткен ақындар марапатталды. Сөз додасының нәтижесі бойынша бас жүлде Түркістан облысының ақыны Аян Ниязбекке бұйырды.

Бірінші орынды астаналық Нұртілеу Төленбек қанжығасына байлады. Екінші орындар жамбылдық Мұхтар Қонарбай мен түркістандық Ахметрасул Баянбай иеленді. Үшінші орындарға қызылордалық Сырым Әділбек пен Шымкент қаласынан келген Нұрмахан Жақыпбек ие болды.

Сонымен қатар Шахмардан Бекарысұлы, Гүлжан Ықылас, Исламхан Мұхамедхан, Сырым Нығызбай, Нұрдаулет Өмірбек және Ердаулет Ыбыраевқа арнайы жүлделер табысталды.

Айта кетейік, жас ақындар айтысы ұлттық өнерді насихаттап, дәстүрлі сөз өнерінің сабақтастығын жалғастыруға және жас шығармашылық өкілдерін қолдауға бағытталды.

Бөлісу