Мектепте асхана, кітапхана мен арнайы оқу залы, шеберхана мен акт залы, медициналық пункт бар.
Түркістанда «Жайлы мектеп» жобасы аясында 900 орындық мектеп ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласында №34 «Жайлы мектеп» ашылды. 900 оқушыға арналған білім ұясы ел игілігіне пайдалануға берілді. Мұнда балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған.
Аталған білім ұясының ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев арнайы қатысып, жаңа мектептің ашылуымен жұртшылықты құттықтады.
– Өңірімізде 29 жайлы мектеп құрылысынан басқа облыстық бюджет және басқа қаржы көздерінен 21 мектеп салынуда. Бұл 50 мектеп пайдалануға берілгенде өңірде апатты және үш ауысымды мектептер мәселесі шешіледі. Өздеріңізге белгілі, облысымызда білім саласына ерекше көңіл бөлініп отыр. Біз оқу-тәрбие жұмыстарына қолайлы жағдай жасау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз. Білім ошақтарының аумағы мен ғимарат ішінде оқушылардың қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз етеміз. Ол үшін биылғы жылдың өзінде мектептеріміз бейнебақылау, дабыл, FАCЕ ID жүйелерімен қамтылып, полицияның жедел басқару орталығымен интеграцияланды, – деді Бейсенбай Дәулетұлы.
Мектепте асхана, кітапхана мен арнайы оқу залы, шеберхана мен акт залы, медициналық пункт бар. Бейнебақылау камералары орнатылған.
Заманауи пәндік кабинеттермен, оның ішінде робототехника, кең жолақты интернет, жаңа модификацияланған кабинеттермен жабдықталған мектепте оқушылардың сапалы білім алуларына толық жағдай жасалған