Түркістанда жаңа техника алу жеңілдетілді

0
1 218

Сонымен қатар, мүмкіндігі болса, құрал-жабдық құнының 20 пайызын төлеу тиіс. Егер оған жағдай жетпесе, қаржы ұйымы тарапынан көмек көрсетіледі.


Түркістанда жаңа техника алу жеңілдетілді

Түркістан облысында диқандар үшін жаңа техника алу жеңілдетілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ «Ырыс» қаржы ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстағы техникасы тозып, ісінен береке кете бастаған шаруалар назарына! Егер, сіздің техникаңыз түгел болмай, жұмысыңыз жүрмей жатса, онда «Ырыс» қаржы ұйымына барыңыз! Себебі, аталған ұйым жаңа жобаны қолға алды. Тың бастама тозған техниканы жаңалауға жәрдемдесіп, қажетті құрылғыларын сатып алуға септеседі.

Биыл ғана қолға алынған жаңа жоба «Ырыс Өркендеу» деп аталады. Бағдарлама игілігін кез-келген шаруа қожалық иесінің көруіне мүмкіндік бар. Ол үшін бас ауыртудың қажеті жоқ. Тек қана қожалықтың жұмыс істейтінін айғақтайтын құжаттар мен қажетті құрал-жабдықтың құнын анықтасаңыз, жеткілікті. Сонымен қатар, мүмкіндігі болса, құрал-жабдық құнының 20 пайызын төлеу тиіс. Егер оған жағдай жетпесе, қаржы ұйымы тарапынан көмек көрсетіледі.

«Егер жарна болмаған жағдайда, біз шаруа қожалыққа қолдау көрсетіп, бүкіл құжаттарын жинастырып, ауылшаруашылық бөліміне жіберіп сол шаруа төлейтін жарнаның орнына инвест субсидия төлейтін мүмкіндік бар.

Қысқасы, жаңа техника алуға жан-жақты жағдай жасалған. Алынған заттың бағасын да бірден емес, ұзақ мерзім ішінде бөліп төлеу жағы қарастырылыпты», облыстық «Ырыс» МҚҰ-ның директоры Данияр Арынғазин.