Түркістандағы азаматтық форумда маңызды мәселелер талқыланды

0
109

Келелі басқосуға Қызылорда, Жамбыл, Қостанай, Шымкент, Ұлытау, Қарағанды, Ақтөбе және тағы басқа облыстардан делегация өкілдері қатысты.


Түркістандағы азаматтық форумда маңызды мәселелер талқыланды

Түркістанда «Әлеуметтік жауапкершілік пен қоғамдық белсенділік: Азаматтық қоғамның қозғаушы күші» атты ХII өңірлік азаматтық форумы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда «Әлеуметтік жауапкершілік пен қоғамдық белсенділік: Азаматтық қоғамның қозғаушы күші» атты ХII өңірлік азаматтық форумы өтті. Ең алдымен «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығы нысанындағы бірлестік туралы «Елге еткен еңбек» атты кітаптың тұсаукесері өтіп, арнайы бейнеролик көрсетілді.


Келелі басқосуға Қызылорда, Жамбыл, Қостанай, Шымкент, Ұлытау, Қарағанды, Ақтөбе және тағы басқа облыстардан делегация өкілдері қатысты.


Азаматтық қоғам өкілдерінің басын қосқан форумда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев сөз сөйлеп, бұл шара Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нақты көрінісі екенін атап өтіп, қоғамдық ұйымдар елді өркендету бағытында жұмыс істеуі керек екендігін жеткізді.


– Форум – азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалогтың, сенім мен серіктестіктің жарқын үлгісі. Облыс аумағында 700-ге жуық үкіметтік емес ұйым тіркелген. Олардың 33,4 %-ы қалаларда болса, 66,6 %-ы аудандарда орналасқан. Қазіргі таңда үкіметтік емес ұйымдар азаматтық қоғамды дамыту бағыттарында жұмыстар атқаруда. Бұл – қоғам институттардың дамып, күшейіп келе жатқанының айқын дәлелі. Облыс әкімдігінің тиісті салалық басқармалары, аудан, қала әкімдіктері мен үкіметтік емес ұйымдар арасында жүйелі әріптестік орнап келеді. Мемлекет басшысының қолдауымен жыл сайын үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік қолдау қаржысының көлемі арта түсуде. Атқарушы билік пен тұтас елдің, үкіметтік емес ұйымдардың бірлескен жұмысы арқылы облыс экономикасы жоғары қарқынмен дамып келеді. Түркістан облысы қысқа мерзімді экономикалық индикатор бойынша екі ай қатарынан үздік көрсеткіш көрсетуде. Биылғы жылдың 6 айының қорытындысымен өсім 118%-ды құрап, республика көлемінде көшбасшылықты сақтап қалды. Өнеркәсіп өнім көлемі 723,3 млрд. теңгені құрап, 13,5%-ға артты. Облыс экономикасының негізгі саласы болып саналатын ауыл шаруашылығында өнім көлемі 253,9 млрд теңгені құрап, өсім 104,7% деңгейінде орын алды. Өндірілген өнім бойынша республикада көшбасшымыз, – деді Ертай Кенжебекұлы.


Жиында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманов, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиева, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Лаззат Чинкисбаева, Түркістан облысының құрметті азаматы, қоғам қайраткері Жамалбек Шәріпбеков мазмұнды баяндама жасап, азаматтық қоғамды дамытудағы орны мен маңызын қалыптастыру бағытындағы ой-пікір, ұсыныстарын ортаға салды.


Форум барысында азаматтық қоғамның мемлекеттік басқару жүйесіндегі алар орны мен ортақ мақсаттарға негізделген жобалар айтылып, жоспарлар пысықталды.


Осы іс-шара барысында, облыста мемлекеттік саясатты насихаттау, елдің ынтымағы мен бірлігін сақтауға үлес қосып жүрген үкіметтік емес ұйым өкілдері марапатталды.


Форум аясында Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы, тұжырымдаманың 1-кезеңін іске асыру қорытындылары, оны іске асырудың 2-кезеңіне ұсынымдар әзірлеу», «Үкіметтік емес ұйымдар туралы» және «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар туралы» Заң жобалары, «Заң және тәртіп – қоғамды шоғырландырудың негізі: ҮЕҰ-ның құқықтық ағартудағы рөлі», «Адал азамат» тұжырымдамасы: Азаматтық жауапкершілік экономикалық өсу факторы» тақырыптарында пленарлық секциялар өтті. Өткір пікірлер мен ұсыныстар айтылды.

Бөлісу