Түркістан қаласы мен Түркістан облысының тұрғындары және қонақтарының назарына!
Түркістандағы бірқатар көшелерде автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне дайындық және оны өткізу аясында 10–15 мамыр аралығында Түркістан қаласының бірқатар көшелерінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.
Іс-шараларды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, Қарулы Күштерінің күштері мен құралдары, оның ішінде әскери авиация мен арнайы техника жұмылдырылады.


