Түркістандық 500 отбасына қайырымдылық көрсетілді

0
2 037

Отбасыларға күнделікті тұтынатын азық-түлік таратылып, мол дастархан жайылды.


Түркістандық 500 отбасына қайырымдылық көрсетілді

Түркістан облысына қарасты Кентау қаласында 500 отбасына қайырымдылық көрсетілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Іс-шараны ұйымдастырып, әрі игі іске ұйытқы болған мекеме «Кентау трансформатор зауыты» АҚ болып отыр.

«Жомарт жүрек» атты жиынға қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев, облыстық мәслихат депутаты Серғазы Күнтуаров, қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев және «Кентау трансформатор зауыты» АҚ басқарма төрағасы Хайрулла Қожабаев қатысып, көпшілікке деген ізгі тілегін жолдады.

Қариялар мен қажылар ақ бата беріп, игі іске ұйытқы болған зауыт басшылығына ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Жиын барысында кәсіпорын тарапынан әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және жалғыз тұратын қарттарға, жалпы 500 отбасына азық-түлік таратылды. Оның ішінде ұн, шекер, май секілді күнделікті тұтыну тауарлары бар.

Көпшілік арнайы жайылған дастарханнан дәм татты. Қала имамдары құран оқып, елдің амандығын Алладан тілеп, дұға жасады.

Іс-шараға жиналған көпшілік әсем ән тыңдап, көңіл көтерді.