Алматыда өткен Қазақстан кубогының финалында қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, жеңімпаз атанды.
Түркістандық Асия Асылхан – шахматтан Қазақстан кубогының екі дүркін жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қалалық «Балалар және жасөспірімдер спорт клубының» спортшысы Асия Асылхан шахматтан екінші мәрте Қазақстан Кубогының иегері атанды.
Биылғы жетістіктерімен елді қуантқан жас шахматшы күзде Бразилия мен Словенияда өткен әлем чемпионаттарында шеберлігін көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды. Ал Алматыда өткен Қазақстан кубогының финалында қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, жеңімпаз атанды.
Асияның бұл жеңістері – оның талмай еңбектенуінің және бапкері Асхат Майкотовтың тынымсыз жұмысының жемісі. Сонымен қатар ата-анасының қолдауы да жас спортшының жетістіктеріне негіз болды.