Өткен жылды табысты тәмамдаған ауданда құрылыс жұмыстары биыл да қарқынды жүргізілмек.
Алдағы уақытта Жетісай ауданының орталығы Жетісай қаласының аумағын ұлғайту мақсатында бөлінген 80 гектар жерге 100 пәтерлі 10 тұрғын үй салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Биылғы жылы Жетісай ауданында екі әлеуметтік нысан мен үш мектептің құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, тиісті салалық басқармаларға жіберілген. Сонымен қатар, Жетісай қаласындағы жедел жәрдем көрсету стансасы мен ауысымына 500 адам қабылдайтын емхана құрылысын 2019 жылы аяқтап, қолданысқа беру көзделуде. Мұнан да басқа Жаңаауыл ауылдық округіне қарасты Қараой елдімекені мен Жылысу ауылдық округінің Баққоныс елдімекенінде медициналық қызметтің сапасын арттырып, тұрғындардың денсаулықтарын жіті назарда ұстау мақсатында заманауи үлгідегі ФАП-тардың құрылысы жүргізілмек.
Сондай-ақ, Елбасының «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Жетісай қаласының аумағын ұлғайтуға бөлінген 80 гектар жер теліміне бес қабатты жүз пәтерлі он тұрғын үй құрылысына жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін қаржы қарастыруға құжаттар топтамасы тиісті басқармаларға жіберілген.
Ал аудандағы ауылдық округтерден 1 қабатты 12 тұрғын үй құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп, тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.