Түркістандық дәрігерлер жаңа туған сәбиді аман алып қалды

0
902

Ота жасау бөлмесінде науқас сәбиге шұғыл көмек көрсеткен.


Түркістандық дәрігерлер жаңа туған сәбиді аман алып қалды

Түркістандық хирургтар жаңа туған нәрестені құтқарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысындағы неонатологтар мен балалар хирургтары жаңа туған нәрестені құтқарды. Кішкентай Рамазанға екі күн бойы құтқару операциясы жасалды.


Сәбидің анасы, Қазығұрт ауданының 23 жастағы тұрғыны Сәуле Күмісбектің алғашқы жүктілігі асқынумен өткен. Сондықтан әйелдің босануы қиын болып, бала гипоксиямен дүниеге келді. Екінші күні кенеттен оның асқазанынан қан кетіп, гемоглобины өте қатты төмендейді. №1 облыстық перинаталдық орталығы және облыстық балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігерлері бірден перзентханада ота жасауға шешім қабылдайды. Баланы тасымалдау өте қауіпті болған. Дегенмен, облыстық клиникалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, штаттан тыс балалр хирургы С.Сарыбай және анестезиолог-реаниматолог Е.Рахимов перинаталдық орталыққа шұғыл келіп, ота жасау бөлмесінде науқас сәбиге шұғыл көмек көрсеткен.


«Асқазанның идиопатиялық жарылуы — жаңа туылған нәрестелердегі сирек кездесетін хирургиялық ауру. Кенеттен пайда болады. Әріптестерім – неонатологтардың арқасында баланың жағдайы тұрақталып, олар сәбиді операцияға дайындай білді. Тәуекел үлкен болды», — деп түсіндірді хирург Сұлтанғали Сарыбаев.


Қазіргі таңда Рамазан салмақ жинап, анасы екеуі ауруханадан шықты. Анасының дәрігерлерге деген алғысы шексіз.