Түркістандық диқандар экспортқа 4000 тонна қауын-қарбыз шығарды

0
666

Ресей мен Еуропаның бірнеше еліне экспорттаған.


Түркістандық диқандар экспортқа 4000 тонна қауын-қарбыз шығарды

Мақтааралдық диқандар 4000 тонна қауын-қарбызды экспортқа шығарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының БАҚ өкілдері Мақтаарал ауданына пресс-тур жасап, ауданда атқарылып жатқан жұмыстармен танысу үшін бірнеше нысандарды аралаған болатын. Тілшілер қауымы Мақтаарал ауылдық округі, Есентаев ауылында орналасқан "Физули" шаруа қожалығында да болды. Алиев Физуидің басшылығындағы қожалық 30 гектар жерге иелік етеді. Оның 15 гектарына қауынның "бакинка" сортын пленкалы тамшылатып суғару әдісімен еккен. Жер емген шаруа өнімдерін жинап алғаннан кейін соңынан маш және мал азықтық дақылдарды екпекші. Осылайша облыс әкімі Ө.Шөкеевтің 1 жерден жылына 2-3 өнім алу жобасын жүзеге асырылуда.


Биылғы жылы облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жалпы аудан аумағында 190 бірлік шаруа қожалығы бір жыл ішінде бір алқаптан 2-3 өнім алу технологиясын пайдаланып 580 гектар алқапқа түрлі ерте пісетін көкөніс дақылдарын екті. Қазіргі таңда бірінші өнімдер жиналып, екінші өнімге бақша, маш және мал азықты дақылдарын егу жұмыстары жаппай жүргізіліп жатыр.


Жалпы, 2021 жылы ауданда 61 мың гектар жерге түрлі ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Қазіргі таңда 20048 тонна көкөніс, 6061 тонна мал азықтық дақылдары өндірілді. Сонымен қатар, 16416 гектар жерге бақша дақылы егіліп, қазіргі таңда диқандар 4000 тонна қауын-қарбызды Ресей мен Еуропаның бірнеше еліне экспорттаған.