Түркістандық спортшылар аударыспақтан бас жүлде иеленді

0
59

Жас балуандар 3 алтын, 1 күміс және 5 қола медальға ие болды.


Түркістандық спортшылар аударыспақтан бас жүлде иеленді

Түркістандық жас спортшылар аударыспақтан бас жүлдені иеленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


10–13 тамыз күндері Шымкент қаласында аударыспақтан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.


Аталған сайысқа Түркістан облысы ұлттық спорт мектебінің спортшылары да қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Жас балуандар 3 алтын, 1 күміс және 5 қола медальға ие болды.


Жалпы командалық есепте түркістандық жасөспірімдер қарсыластарын қапы қалдырып, чемпионаттың бас жүлдесін жеңіп алды.

Бөлісу