Оған еліміздің 8 өңірінен 117 спортшы қатысты.
Түркістандық триатлоншылар Қазақстан чемпионатында алтын мен қола жеңіп алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
15-17 тамыз аралығында Қостанай қаласында триатлоннан Қазақстан чемпионаты өтті. Оған еліміздің 8 өңірінен 117 спортшы қатысты.
Түркістан облыстық су спорты түрлері бойынша облыстық олимпиада резервінің мамандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің өкілдері Егор Крупяков Elite санатында 1-орын, U23 санатында Ева Пинчук 3-орын иеленді.