Түркістандықтар спартакиада жеңімпазы атанды

0
113

Бұл табыс – спортшылардың табанды еңбегі мен жүйелі дайындығының жемісі.


Түркістандықтар спартакиада жеңімпазы атанды

Түркістан облысының спортшылары спартакиада жеңімпаздары атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Көкшетау қаласында көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында шахматтан VII республикалық спартакиада өтті. Ауқымды додаға Астана, Алматы, Шымкент қалаларымен қатар еліміздің 16 облысынан 100-ге жуық спортшы қатысты. Бұл сайыс ерекше жандардың спорттағы ерік-жігері мен қайсар рухын танытатын маңызды алаңға айналды.


Жарыс жекелей және командалық форматта ұйымдастырылды. Түркістан облысының намысын Арыс қаласының танымал шахмат шебері, білікті жаттықтырушы Асатулла Супбаев, Түркістан қаласынан Қуанышбек Жұмаділдаев және Кентау қаласынан Әсел Амангелді қорғады.


Жерлестеріміз жоғары деңгейде өнер көрсетіп, командалық есепте І орынды иеленіп, тарихи жеңіске қол жеткізді.


Бұл табыс – спортшылардың табанды еңбегі мен жүйелі дайындығының жемісі.

Бөлісу