ҰҚК Оралда іске аспай қалған терактінің толықтай мән-жайын баяндады

0
966

Ол 2018 жылдың маусымында залалсыздандырылған.


ҰҚК Оралда іске аспай қалған терактінің толықтай мән-жайын баяндады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ҰҚК Оралда іске аспай қалған теракті жайлы ақпараттар жариялады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2018 жылдың маусымында бұқаралық ақпарат құралдары ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, елдің батысында қауіпті террорист топ залалсыздандырылғанын хабарлады. Егер бір ерекшелігі болмаса, бұл қарапайым банда болар еді - олар өз қылмыстарын жоспарлай отырып, Қазақстанда тыйым салынған «Ислам мемлекеті» немесе «ДАИШ» халықаралық террорист ұйымының идеяларын басшылыққа алған.

Toп мүшелері бірнеше ай бойы Орал бизнесмендерін тонау және ірі қарымта алу мақсатында оларды ұрлау әрекеттеріне дайындалған. Олар үлкен қоғамдық резонанс туғызу үшін журналистерді де үстап алмақшы болған. Ақырында, қаскөй радикалдар қүқық қорғау органдарына үлкен қарулы шабуыл жасауды ойластырып, қаланың әлеуетті құрылымдарының ғимараттарын таңдайды. Алайда бул жоспарларының орындалуы мүмкін болмады. Тек қазір, екі жылдан кейін, бізге жасалмай қалған қылмыстардың егжей-тегжейі белгілі болып отыр.

Террорист топтың келешек жетекшісі Жүнісбек Жамалов бала жасынан Атырау көшелерінде тәрбиеленіп, «ұрылар ұғымын» бойына сіңіріп өсті. Мұндай өмір салты көше тентектеріне тән қатыгездік пен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне деген жеке дұшпандықты қалыптастырды.

2013 жылы Жамалов ұрлық үшін ұсталып, ұзақ уақыт тергеуде болды. Алайда сот оның қамқорлығына мұқтаж қарт ата-анасының болуын назарға алып, Жамаловты бір жолға шартты түрде жазалауға үкім шығарды.

Қазыналық хаттамалардың құрғақ жолдарында айтылғандай, сотталған адам түзелу жолына түспеді. Тұрақты еңбекке мойынсынбай, кездейсоқ табыстармен күн кешті. Негізінен уақытын үйде, Интернетті шолумен өткізді. Дәл сол кезеңде Жамалов әлеуметтік желілерде «Ислам мемлекетінің» ұстанымдарын таратқан шетелдік жалған салафиттік «шейхтердің» дәрістеріне тап болды. Радикалды идеологтар өз аудиториясына сіңірген әлемнің ақ-қара бейнесі жетілмей қалған ұрының көңілінен шықты. Барлығы өз орнына келді. Міне мынау - жаулар - «кәпірлер», яғни дәстүрлі исламды устанушылар мен зайырлы қазақстандықтар, сондай- ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қауіпсіздік қызметкерлері. Ал мынау - діннің ережелеріне қатаң сәйкестікте өмір сүргісі келетін «нағыз мұсылмандар», бірақ оларға зұлым «кәпірлер» оны жасауға жол бермейді. Осы сәттен бастап Жамалов өзін, әрине, «дұрыс жолдағы діндар» санатына жатқыза бастады. Мемлекетке деген өшпенділік күшейе түсті.

2016 жылы Жамалов өз бақытын Оралда сынап көрмекші болып, тұрақты жумысқа тұрып, жеке өмірімді дурыстаймын деген үмітпен Батыс Қазақстан облысының орталығына көшеді. Осы қаланың көкөніс қоймаларының біріне жүк тиеуші болып жұмысқа турады, бір жыл өткеннен кейін бас бостандығынан айыру орындарында радикалды идеологиямен айналысатын 45 жастағы Төлеген Қариевпен танысады. Ортақ өткен қылмыстық жолдары мен экстремист көзқарастары оларға тез арада өзара түсіністік табуға көмектеседі. Біраз уақыттан кейін оларға тағы бір «ахи» (араб тілінен аударғанда - бауыр), 36 жастағы Жанат Боранов қосылады, ол Жамалов сияқты әлеуметтік желілердегі радикалды идеяларға қызығушылық танытатын.

Жаңа достар алдында беделге ие болу үшін Боранов жігітті оң жолға түсіріп, жұмыспен көмектесуге тырысқан қарт имамды соққыға жығады. Қысыр әңгімемен өткен айлар бойы «достар» ұсақ ұрлықпен айналысады. Оларға ештеңе болмайтын сияқты көрінеді. Алайда 2018 жылдың көктемінде оқиғалар шиеленісе бастайды. Бірлескен кешкі аста үштік, әдеттегідей, ертедегі «мужахидтердің» істерін талқылап, оларды мақтан тұтып отырады. Енді олар белсенді әрекетке қабілетті екендіктері туралы пікірге келеді. Тек ол үшін «жамағатты» жаңа жақтастармен нығайту қажет.

Бұл жиында саны жағынан әлі де аз топтың мүшелері оның атауын таңдайды, аз да емес, көп те емес - «Халифат», бірнеше күннен кейін олар сенуші жастарды әрекеттеріне тартуға кіріседі. Бұл ретте, жақында ғана намаз оқи бастаған, сондықтан діннің қыр-сырын біле бермейтін дене бітімі мықты жігіттерге ерекше көңіл

бөледі. Боранов мешіттің жанында осындай жігіттермен танысып, аз уақыт сөйлескеннен кейін оларды Жамаловқа алып келеді, ол болса «қасиетті жиһад» идеясын саналарына жеке өзі құя бастайды.

Айта кету керек, «кандидаттардың» көпшілігі радикалдармен істес болудан бас тартты, кейінірек олардың барлығы дерлік сотта топтың қылмыстық әрекетінің осы эпизодтарына куә болады.

Дегенмен 2018 жылдың мамырына қарай ұяшық құрылады. Оған Жамалов, Қариев және Боранов сияқты «ардагерлерден» басқа, 20 жасқа да толмаған бес жас жігіт кіреді. Жамаловтың қылмыстық тәжірибесі мен жалған діни сауаттылығын ескере отырып, топ мүшелері оны бірауыздан «әмір» етіп сайлап, оған адалдық антын береді. Құпиялылықты сақтау ойымен жетекші қатысушыларды 3-4 сағатқа жалға алынған пәтерлерде жинауға шешім қабылдайды. Келесі кездесудің орны мен уақыты туралы серіктестеріне оны дәл өткізер алдында ескертілді.

Жамаловтың діни білімінің жоқтығына қарамастан, «ДАИШ» насихатшыларынан берілген «ұры ұғымдарымен» араласқан үндеулерге ешкім күмән келтірген жоқ. Ең күшті әсерге, әрине, Жамалов көрсеткен арасында бейбіт түрғындар бар қарсыластарын «Ислам мемлекеті» содырларының өлім жазасына кесуі туралы бейнекөріністер арқылы қол жеткізілді. Осындай жазбаны қарау кезінде топтың жаңа мүшелерінің бірі эмоционалды түрде: «Біз жиһад жолындамыз! Біз «кәпірлерді өлтіреміз, оларды қырамыз!»- деп айқайлап жіберді.

Бұл сөздерді бәрі қолдады. Оларды көрген Жамалов рекруттардың жігерлі көңіл-күйіне қуанды. Өзінің «жауынгерлерінің» «қызу» жағдайын пайдаланып, ол сол күні-ақ оларға атыс қаруын табуды, оны сақтау үшін жасырын орын дайындауды тапсырды. Бір айдың ішінде, маусым айында топ мүшелерінде қылмыстық әлемнің таныс өкілдерінен ұяшықтың жас қатысушылары сатып алған 2 аңшы мылтығы мен патрондар болды. Сол кезде Жамалов өзінің жоспарын жариялады - алдымен кәсіпкерлерді тонау және құн алу үшін оларды ұрлау керек. Алынған қаражат әлдеқайда күшті автоматты қару сатып алуға жұмсалады. Ал содан кейін 2-3 топқа бөлініп, Оралдың әлеуетті құрылымдарының ғимараттарына бір уақытта шабуыл жасалады.

Жолшыбай оқиғаларды тікелей эфирде көрсететін жергілікті БАҚ журналистерін кепілге алады. Қылмыскерлер осы уақытта ҰҚК қызметкерлерінің өздеріне бақылау орнатқанын білмеген еді Қылмыскерлердің атыс қаруының болуын және олардың оқыс әрекеттерінің айқын қаупін арнаулы қызметтің жедел қызметкерлері алдын ала ескеріп, террористерді ұстау бойынша арнайы операция өткізді.

Тінту кезінде атыс қаруы, оқ-дәрілер, баспа және электрондық түрдегі экстремист әдебиеттер табылып, алынды, олар қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді. Бұлтартпас дәлелдемелер мен жазаның еңсерілмейтінін сезіне отырып, топ мүшелері кінәні бір-біріне сілтеп, банданың әрекетіндегі рөлін төмендетуге тырысты. Алайда барлық оқиғалар тізбегі, осы топтың әр қатысушысының орны мен рөлі тергеумен қалпына келтірілді. Алынған дәлелдер оларға қылмыстардың тұтас «шоғырын» - терроризм актісін дайындады, терроризмді насихаттады, террористік топ құрды және оны басқарды, сондай-ақ оның әрекетіне қатысты деп айыптау үшін жеткілікті болды.

Сот қылмыстық іс материалдарын қарап, қылмыстың ауырлығын ескере отырып, Жамалов пен Борановты 13 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Қариевке 12 жарым жыл, басқа қатысушыларға 3 жылдан 5 жылға дейін түзеу мекемелерінде жазаларын өтеу тағайындалды.

Ескертпе: Біз мақалада аталған адамдардың аты-жөндерін әдейі өзгерттік, себебі екі жыл бұрынғы оқиғалардан әлі де оңала алмай отырған олардың туғандары мен жақындары бар.