​Ұрпақ тәрбиесі – маңызды міндет

0
1 873

Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен шараға ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Назипа Шанаи қатысты.


​Ұрпақ тәрбиесі – маңызды міндет

Бүгін Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында «Жастарды «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тәрбиелеуде Аналар кеңесінің орны» тақырыбында форум өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен шараға ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Назипа Шанаи қатысты. Назипа Ыдырысқызы Шымкент қаласынан және Түркістан облысынан қатысып отырған Аналар кеңесі мүшелерін форумның ашылуымен құттықтап, құрылым алдында тұрған міндеттерге тоқталды.
- Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің құрылғанына биыл 10 жыл толып отыр. Тарихи дәстүрімізбен ұштасып жатқан құрылым осы уақыт ішінде отбасындағы ұрпақ тәрбиесі, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан өзара сыйластық пен татулық, мейірімділік, бірлік секілді елдігіміздің тірегі болған құндылықтарды дамыту бағытында жұмыстар атқарды. Кеңес мүшелерінің алдында Елбасының халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған мақсат-міндеттерді іске асыруда ауқымды жұмыстар тұр, - деді Н.Шанаи.
Елімізде әйелдер ұйымдарының саны күн санап артқанымен аналардың басты миссиясы - ұрпақ тәрбиелеу бағытында жұмыс істеп жатқандары аз. Назипа Ыдырысқызы ұрпақ тәрбиесі, қоғам тәрбиесі – ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің басты міндеті болуы тиіс екенін алға тартты.
Бұдан кейін Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов өмірдің іргетасы аналардық қалауымен қалыптасатынын айтып, отбасы институтын нығайту арқылы қоғамдық келісімді қамтамасыз етудегі Аналар кеңесінің рөліне тоқталды.
Сонымен қатар, жиында Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Доустлик» қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов, қауымдастық жанындағы Аналар кеңесінің белсенді мүшелері Нұрниса Дометова, Гулчехра Исмаилова, Шахноза Хасанова сөз сөйлеп, тақырып төңірегінде ойларын ортаға салды.