Маңызды жаттығуға Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов та қатысты.
«Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазақстан Республикасында «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр. Оқу-жаттығуды үйлестіру республикалық штабы Шымкент қаласында орналасқан.
«Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына Төтенше жағдайлар министрлігінің 52859, 28237 және 68303 әскери бөлімдерінен, сондай-ақ Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының Төтенше жағдайлар департаменттерінен, Денсаулық сақтау және Қорғаныс министрліктерінен, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің Апат медицинасы орталығынан 269 адам мен 90 бірлік техника жұмылдырылды.
Оқу-жаттығу барысында жедел топтар шартты жер сілкінісінің салдарын жоюға жұмылдырылды. Апат медицинасы орталығы мен Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары дала госпиталін орналастырып, шартты зардап шеккендерге алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсету іс-қимылдарын пысықтады.
Оқу-жаттығудың бірінші күні Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Рамиль Камалов жедел топтардың уақытша орналасу ауданын аралап, олардың дайындығын тексерді. Кейін жедел топтардың басшыларынан шартты жойқын жер сілкінісінің салдары, төтенше жағдайларды жою үшін күштер мен құралдардың дайындығы туралы есептері тыңдалды. Баяндамашылар өз бағыттары бойынша қабылданған шешімдер мен жүргізілген іс-шаралар туралы баяндады. Маңызды жаттығуға Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов та қатысты.
Оқу-жаттығу барысында вице-министр Рамиль Камалов Шымкент мұнай өңдеу зауыты — «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-ға барды. Кездесу барысында жаңа технологияларды енгізу, персоналдың біліктілігін арттыру және төтенше жағдайлар кезінде іс-қимылдарды оңтайландыру мәселелері талқыланды. Іс-шара соңында кәсіпорын күштері мен құралдарының төтенше жағдайларға дайындығын көрсеткен тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізілді.