​Пластик контейнердегі жағымсыз иісті кетірудің 7 тәсілі

0
1 550

Сапасы жақсы деген пластик ыдыстың өзінің де тозатын уақыты бар. Ыдыстың ішкі жағында майда сызықтар пайда болады, формасы өзгереді.


​Пластик контейнердегі жағымсыз иісті кетірудің 7 тәсілі

Қазір пластик ыдыстарды қолданбайтын қыз келіншектер жоқ шығар. Ал ол ыдыстар уақыт өте жағымсыз иіс шығара бастайды. Оның негізгі себебі – ыдысқа түскен сызат болуы мүмкін. Ол ыдысты жиі пайдаланғаннан, ыстық әсерінен түседі. Осындай ыдыстардан жағымсыз иістің кетуі қиындайды. Иісі кетпеген ыдысты тастауға асықпаңыз.

Төмендегі тәсілдер арқылы жағымсыз иісті кетіріп, ыдысыңызды ұзағырақ пайдаланыңыз.


Кофе

Кофе жағымсыз иісті жақсы кетіреді. Ол үшін ұнтақталған немесе қайнатылған кофе қалдығымен иісі шыққан ыдыс ішін ысқылап сүртіп шығу керек. Кейін мұздатқышқа салып қойыңыз. Бір тәуліктен соң шығарып, жуып -шайып алыңыз. Ешқандай иіс қалмайды.


Ас содасы

Бұл өте үнемді және тиімділігі сынақтан өткен нұсқалардың бірі. Ас содасын 1:2 мөлшерде сумен араластырып быламық жасап аламыз. Осы быламықпен ыдыстың ішін сүртіп, қақпағын жабамыз. Осы күйі түнге қалдырып, ертеңіне шайып, тазартып аламыз.


Сіркесу

Сіркесуы қышқылы пластик ыдыстағы иісті толық жойып жібере алады. Ол үшін сіркесуы қышқылын бөлме температурасындағы сумен 4/1 мөлшерде араластырып, ыдысқа құйып қоямыз. Тиімділігі арта түсу үшін ыдыс жуатын сұйықтықтан 2-3 тамшы қосуға болады. 3 сағаттан кейін тазартып аламыз.


Газет

Бұл жерде бәрі қарапайым. Ол үшін бар болғаны газетті жыртып, мыжып ыдысқа толтыра салу керек. Қақпағын жауып, 5-6 сағатқа қалдырамыз. Газет ыдыс ішіндегі иіс пен ылғалды өзіне толық тартып алады. Бұл құрғақ тазартуға жатады. Мұның орнына ағаш күлін қолданса да болады.


Лимон

Лимон жемісі ыдыстағы иісті ғана емес, сондай-ақ тұрып қалған май мен кірді де жақсы кетіреді. Ол үшін лимонның жартысымен ыдыс ішін ысқылап сүртіп қоямыз. Күні бойына бетін жауып қалдырып, кейін шайып аламыз.


Ванилин

Пісірмелерге қосатын әдемі иісі бар дәмдеуіш ыдыстағы иісті жойып жібереді. Ол үшін иісі шыққан ыдысты жылы суға толтырып, шай қасықпен ванилин саламыз. Бетін жауып 4-5 сағаттан кейін жуып, тазартып алу қажет.


Хлорлы ағартқыш

Бұл тәсілді қатты қажет болмаса, жиі жасау ұсынылмайды. Хлор тек залалсыздандырмайды, сонымен бірге жиналып қалған кірді де жақсы кетіреді. Ағартқыш пен суды 1:1 мөлшерде араластырып, иісі бар ыдысқа құйып 3,5 сағатқа қалдырамыз. Кейіннен бірнеше мәрте қайтара сумен шайып тазартамыз. Хлорлы ағартқыштықы түрлі-түсті пластик ыдыстарға қолдануға болмайды.


Сапасы жақсы деген пластик ыдыстың өзінің де тозатын уақыты бар. Ыдыстың ішкі жағында майда сызықтар пайда болады, формасы өзгереді. Сондықтан мұндай ыдысты жиі ауыстырып тұру керек немесе шыны, эмальды ыдыстармен араластырып ұстаған дұрыс.

Керек кеңес, қажеттеріңізге жарасын!


Дайындаған: Э. Базарбаева,

ERNUR.KZ.