​Шай қалдығының бөлме гүлдеріне ПАЙДАСЫ мен ЗИЯНЫ

0
9 801

Шайдың бірнеше түрі бар екені белгілі және оның барлығы бірдей бөлме гүлдері үшін тиімді бола бермейді.


​Шай қалдығының бөлме гүлдеріне ПАЙДАСЫ мен ЗИЯНЫ

Бөлме гүлдерін шай қалдығымен суғару туралы гүл өсірушілердің көпшілігі білетін болар. Құрғақ шай қалдығы топырақты тыңайтуда органикалық тыңайтқышты алмастыра алады. Бірақ өсімдік үшін негізгі пайдалысы шайдың сұйық қалпы. Алайда шай қалдығымен тыңайту барлық бөлме гүлдері үшін пайдалы емес.

Шай қалдығының бөлме гүлдері үшін пайдасы, зияны, тыңайтқыш үшін қай шайды пайдаланған дұрыс, оны қалай дайындау жөнінде төменнен оқып біле аласыздар.


Шай қалдығының пайдасы

Шайдың құрамына кіретін пайдалы заттар жасыл желектің жайқалуына ықпал етеді, сондай-ақ оның гүлдеп тұру уақытын ұзартады. Шайдың құрамына кіретін пайдалы заттар:

  • Калий. Гүлдің өсуі мен бүрленуін жылдамдатады.
  • Марганец. Фотосинтез процесін жылдамдатады және өсімдіктердің тамыр жүйесін жақсартады.
  • Магний. Өсімдікте магний жетіспесе, онда оның өсу, даму жағдайы баяулайды және жапырақтардың түсуіне, түрлі аурулардың пайда болуына алып келеді.
  • Кальций. Өсімдіктегі ақуыз бен көмірсулардың алмасуына көмектеседі.


Қызықты: Құрғақ шай топырақ құрамындағы алюминийдің төмендеуіне ықпал етеді. Ал топырақтағы темір өсімдіктің өсуін баяулатады.


Тыңайтқыш үшін шайдың қай түрін пайдаланған дұрыс?

Шайдың бірнеше түрі бар екені белгілі және оның барлығы бірдей бөлме гүлдері үшін тиімді бола бермейді. Ал қоректендіру пайдалы болу үшін:

  • Шайдың құрамында жасанды бояулар, хош иістендіргіш және дәмдеуіш қоспалар болмағаны дұрыс.
  • Қант салынған шайды құюға болмайды. Себебі тәтті қоспа түрлі зең ауруларын тудырып, зиянкес шыбын-шіркейлерді шақырады.
  • Жаңа ішілген шай қалдықтарын қорықпай пайдалануға болады. Бастысы жаңа демделген және артық иіс болмағаны дұрыс.

Маңызды: шай қалдығымен суғару кактус, папоротник және әйел бақыты/ спатифиллум гүлдері үшін өте пайдалы.




Шай қалдығынан тыңайтқыш дайындау және оны пайдалану

  • Тыңайтқыш дайындау үшін шайдың кез-келген сұрпы жарай береді. Қара, көк немесе шөп тұнбаларынан дайындалған болса болды, бастысы шай тым қатты қою болмағаны жөн.
  • Бөлме температурасындағы (30-40 градус) шайды пайдалану керек. Шамалы ыстық немесе салқын шай бөлме гүлдері үшін зиянды.
  • Шай қалдығымен бөлме гүлдерін үздіксіз суғаруға болмайды. Күн ыстықта аптасына бір рет, ал қысқы мезгілде айына бір рет пайдалану жеткілікті.


Кеңес: Қалташадағы шай қалдығы мәдени өсімдіктердің көшетін өсіруге жақсы көмектеседі.


Шай қалдығын пайдаланудың тиімділігі

Шай қалдығының өсімдіктер үшін тиімділігі дәлелденген дүние. Басты тиімділігі оның қолжетімділігі. Одан өзге мұндай тыңайтқышты қолдану жолы өте қарапайым және адам денсаулығы үшін ешқандай зияны жоқ. Өсімдіктер үшін де артық мөлшерде пайдаланылған жағдайда улану болмайды. Сонымен қатар шайдің иісі үй жануарларын үркіте алады. Әсіресе үй жануарларының ішінде бөлме гүлдеріне көп тисетін, топырағын қопарып тастайтын ол – мысық. Егер хош иісті шай қалдығымен бөлме гүлін суғарып қойсаңыз онда оған үй жануары жолай қоймайды.


Шай қалдығы әсерін тигізбейтін бөлме гүлдері

Бөлме гүлдерінің көпшілігіне шай қалдығы бейтарап күйде әсер етеді. Ал, аспаргус, бегония, пелоргрния секілді гүлдер шай қалдығымен тыңайтқанды ұната қоймайды.


Топырақты шаймен тыңайтудың пайдасы

  • Шай – топырақты жақсы қопсытады. Яғни топырақтың тығыздығын жақсартып ауамен судың жеңіл өтуіне ықпал етеді. Бірақ ол үшін пайдаланылған, қалдық шайды құрғатып, кептіріп барып топыраққа араластыру керек. Ол топыраққа қажетті, тиімді қоректік заттарды береді.
  • Сондай-ақ шай қалдығын топыраққа араластырса, онда ол жылыту мезгілі кезінде ылғалдың жақсы сақталуына көмектеседі.
  • Бөлме гүлдерін ауыстырып, жаңа ыдысқа ауыстырғанда құрғақ шай қалдығын дренаж орнына пайдалануға болады.



Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ


Ұқсас мақалалар: Бөлме гүлдерінің ЖАПЫРАҒЫ ҚАРАЙЫП кетсе, НЕ ІСТЕУ керек?