АҚЫЛДЫ әлде АҚЫМАҚ: қайсысына жатасыз?

0
238

Интеллектуалдық деңгейіңіз қандай?


АҚЫЛДЫ әлде АҚЫМАҚ: қайсысына жатасыз?

Сурет: www.cumhuriyet.com.tr

Астрологиялық жұлдыз белгісіне қарап белгі иелерінің мінез-құлқын, қабілеттерін болжау әрқашан қызық. Соның ішінде адамның ақыл-ой қабілетінің қаншалықты жоғары не төмен екенін білгіңіз келер ме еді?


ТОҚТЫ

Амбициялы, энергиясы мол, бірақ ақыл-ойы асып-тасып тұр дей алмаймыз. Жетістікке көбіне интеллектуалды қабілеттері емес, жылдам әрі еркін шешім қабылдай алатындығы жеткізеді.

ТОРПАҚ

Қонымды ақыл-ой иесі. Мәселені шешуге практикалық көзқараспен қарайды. Тұрақтылық пен сабырлылық оларды жақсы нәтижеге жетелейді.

ЕГІЗДЕР

Коммуникацияға бейім адам. Білім мен ақпараттың кені. Қиялы ұшқыр, ойы өткір. Ойлау жүйесі өте күрделі, соның арқасында екінің бірінің ойына келмейтін шешімдерді табады.

ШАЯН

Ақыл-ойдан көрі, эмоционалдық интеллкті жоғары. Адам жанын оңай әрі тез түсінеді. Ақыл-ойы жетпеген жерге өте жақсы түйсік пен асқан сезімталдығының арқасында қол жеткізеді.

АРЫСТАН

Интеллектуалдық қабілеттер деңгейі жоғары-төмен сырғып тұрады. Бәрі қызығушылығы мен мотивациясына байланысты. Егер өз ықыласы ауып тұрса, ақыл-ойы да қажетінше жұмыс істейді. Ал өзінің зауқы жоқ нәрсеге қанша мәжбүрлесең де, өресі жетпей жатады.

БИКЕШ

Ойының ұшқырлығымен, терең талдау-сараптау қабілетімен, дәлдігімен және ұйымдастырушылық қырымен танымал. Әр ісін мінсіз атқаруға тырысады. Ол қолынан келеді де. Күрделі мәселелердің күрмеуін жүйелі жоспар, нық қадаммен сәтті шешеді. Егер интеллектуалдық деңгейі өте жоғары болмаса, тамаша нәтижелер де болмас еді.

ТАРАЗЫ

Интеллектуалдық деңгейі жоғары, бірақ аздап бағыты өзгерген. Эстетиканы сезіну, креативтілік және түрлі шығармашылық салаларда өзін көрсету жағына қарай. Гармонияға ұмтылуы, үнемі ізденісте болуы ақыл-ойын одан сайын толықтыра түседі.

САРЫШАЯН

Түйсігі және құпия-сырлар мен эмоцияларды түсіну қабілеті тамаша. Жағдайды және адамдарды дұрыс талдап-сараптай алу қабілеті ең қиын деген жағдайлардың өзін сәтті басқаруға көмектеседі. Дегенмен, бойындағы қызғаныш пен бақылауға бейім болуы интеллектуалдық қабілеттерін дамытуды қиындатады.

МЕРГЕН

Жаңашылдықтарға ашық және үнемі жаңа білім мен тәжірибе алуға ұмтылады. Дүниетанымы кең, әртүрлі салаларға қызығушылығы бар. Аналитикалық қабілеті мен білімге құштарлығы оларды ғалымдар мен зерттеушілер қатарына қосады.

ТАУЕШКІ

Көбінесе жоғары амбицияларға ие және өмірде табысқа жетуге ұмтылады. Ақыл-ой қоймасы практикалық, теориялық білімге және логикалық шешімдерге толы. Бұл оларға күрделі мәселелерді сәтті шешуге мүмкіндік береді.

СУҚҰЙҒЫШ

Ойы креативті идеяларға толы.. Инновациялық ойлау қабілеті жаңа және бірегей, ешкімдікіне ұқсамайтын түпнұсқа нәрселерді жасауға көмектеседі. Абстрактілі ойлау және күрделі мәселелерді шешу қабілеті де жақсы дамыған.

БАЛЫҚТАР

Балықтардың ақыл-ойынан көрі интуициясы және эмпатиялық қабілеті күштірек. Өмірдің әртүрлі салаларында сезімталдығы мен шығармашылық қабілеті жетістікке жеткізеді. Дегенмен, эмоционалдық сезімталдығы кейде жан-жақты ойластырылған шешім қабылдауын қиындатады.

Интеллект - күрделі ұғым. Оны бір ғана сөзбен сипаттау не нақты өлшеу мүкін емес. Интеллект деңгейінің жоғары, орта не төмен болуы көптеген факторларға байланысты. Соның ішінде генетика, білім, қоршаған орта және жеке күш-жігерге. Жұлдыз белгісіне, жаратылысына қарамастан, үнемі өзін, ақыл-ой қабілеттерін жетілдіруге ұмтылғандар әрдайым жоғарыға жылжи береді. Дамуды тоқтатпаңыз, сонда өмірдің кез келген саласында жақсы нәтижелерге қол жеткізесіз.

Аударған: Бек КЕРІМ,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ЕҢ үлкен ҚОРҚЫНЫШЫҢЫЗ не? Қалай ЖЕҢУГЕ болады?