ЕҢ үлкен ҚОРҚЫНЫШЫҢЫЗ не? Қалай ЖЕҢУГЕ болады?

0
2 243

Үрейді жеңу – бұл даму, тұлғалық өсу немесе бір саты жоғары көтерілу,


ЕҢ үлкен ҚОРҚЫНЫШЫҢЫЗ не? Қалай ЖЕҢУГЕ болады?

Иллюстрациялық сурет fine-news.ru сайтынан

Көбіміз өз фобиямызды жете танымаймыз. Бала күнімізде неден қорқатынымызды мойындау оңай. Есейе келе қорқуды әлсіздікке балап, одан ұяла бастаймыз. Жұрт көзінен жасырғымыз келіп, түпкі сөреге тығып қоямыз. Бірақ, бұл фобияны жеңу емес. Ол әлі бізбен бірге, тек байқамағансып, көз жұмуды үйрендік. Қорқыныш кейде пайдасын тигізуі мүмкін, бірақ көп жағдайда зиян келтіріп, кедергі жасайды.

Астрология әрбір жұлдыз белгісінің тұлғалық бейнесін, жағымды және жағымсыз қасиеттерін, соның ішінде жасырын қорқыныштарын да ашады. Фобияны білу өзімізді тереңірек түсінуге, қалай арылуға болатынын анықтауға және өмірге зиянын тигізбеу үшін не істеуге болатынын ұғуға көмектеседі.


ТОҚТЫ

Белгі иелерінің ең үлкен қорқынышы – жақындарының алдында сүйкімінен айрылу. Яғни, «Мені жақсы көрмей кетеді» деген ой маза бермейді. Туған-туыс, отбасының сүйіспеншілігіне ие болу үшін бәрін жасауға барады. Бұл тіпті өзіне залал келтіретін нәре болса да.


ТОРПАҚ

Олар тұрақтылықты, қауіпсіздікті, болашаққа деген сенімді жоғары бағалайды. Осы құндылықтардан айрылып қалудан қорқады. Ал ең үлкен фобиясы – қаржылық кризис. Себебі, жоғарыда айтылған нәрселерді ақша ғана қамтамасыз етеді деп ойлайды. Сондықтан олар үшін қаражатсыз қалу – өліммен тең. Жұқалтаң қалтамен қалай өмір сүруге болатынын тіпті түсінбейді.


ЕГІЗДЕР

Ойы өзгермелі, мінезі құбылмалы жандар. Бұл қасиеті басқалар үшін кемшілік болып көрінсе, белгі иелерінің өзі үшін талай жерде пайдасын тигізген құнды қабілет. Сондықтан, тұрақтылықтан қорқады. Өзгеріс еркіндігінен айрылып қалғысы келмейді. Яғни, өзгеріске, өзгертуге жол бермейтін қалыптасқан ереже, қатаң қағида, дегендерді суқаны сүймейді.


ШАЯН

Жылы әрі жайлы орынды жақсы көреді. Комфорт зонасынан шығу олар үшін қиынның қиыны. Сыртқы әлемнің суығына тоңудан, өмірдің қатал сынағымен бетпе-бет келіп қалудан қатты қорқады. Осы үрей оларға жаңа нәрсені бастауға, жаңа биікке ұмтылуға жол бермейді.


АРЫСТАН

Сырттай өзіне сенімді, батыл боп көрінгенмен, Арыстанның да өз ішінде үрей қақпаны бар. Ол өз бастауын шектен тыс мақтаншақтықтан алады. Яғни, Арыстандар көпшіліктің назарынан тыс, елеусіз қалудан және мақтау-марапатқа лайық болмай қалудан қорқады.


БИКЕШ

Ұйымдастыруды, тәртіпті және жоспарлауды жақсы көреді. Осыған қарап, ең үлкен қорқынышын болжау қиын емес секілді. Белгі иелерінің фобиясы – хаос. Ереженің бұзылуы, тәртіптің сақталмауы, реттіліктің шашырауы, жоспардан ауытқу – мұның бәрі Бикештің ішінде үлкен үрей туғызады.

Сурет: sun9-80.userapi.com

ТАРАЗЫ

Таразылар жалғыздықтан қорқады. Сондықтан да үнемі көпшіліктің ортасында болуға ұмтылады. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға, жаңа таныстықтар орнатуға, ескі таныстармен байланысын үзбеуге, дау-жанжалды компромиспен шешуге күш салады. Бұл талпыныстың түп тамыры жалғыз қалмау ниетінде жатыр.


САРЫШАЯН

Бұл белгіде туғандар ашық әрі жақын қарым-қатынастан қорқады. Олар үшін ешкім мазаламайтын өз кеңістігінің болуымаңызды. Онда жұрт көзінен жасырынып, өз ойларымен оңаша қалып, болашаққа ешкім білмейтін жоспар құрады. Әлдекім құпиясын, жоспарын, жүрек түкпіріндегі ойларын, шынайы бет-бейнесін біліп қойса, зәре-құты қашады.


МЕРГЕН

Мерген үшін ең бағалы нәрсе – еркіндік болса, ең қорқыныштысы – осы еркіндігінен айрылу. Ешкім де, ештеңе де олардың ойына, сөзіне, әрекетіне, таңдауына шектеу қоймауға тиіс. Әйтпесе, өмірден түңіліп, депрессияның тұңғиығына кетеді.


ТАУЕШКІ

Белгі иелерінің алдына қояр асқақ мақсаттары өте көп. Оған жеткізер күш-қуат пен ақыл-ойдан да кенде емес. Сонда да көздегеніне жете алмай, жарты жолда қалудан қатты қорқады. Сондайда жұрт алдында абыройы төгілетіні есіне түссе, үрейі тіпті еселене түседі. Фобиясы – сәтсіздікке ұшырау, елдің сөзіне қалу.


СУҚҰЙҒЫШ

Суқұйғыш – керемет идеялармен қуана алатын тамаша өнертапқыш. Ол өз пікірін білдіруде шектелуден қорқады және бірегейлігін жоғалтудан қорқады.


БАЛЫҚТАР

Балықтар мойнына жауапкершілік алудан қорқады. Өйткені жауапкершілік, мойынға артылған міндет оларға қалаған уақытында қиял әлеміне кетіп қалуына жол бермейді. Шынайы өмірдің қатал шындығын мойындауға, тағдырдың сынақтарымен күресуге мәжбүр етеді.

Үрей адам бойына не үшін берілді деп ойлайсыз? Қадам басуға қорқып, өз жолына кесе көлденең кедергі ету үшін бе? Әрине, жоқ. Қорқыныш та, оны туғызатын жағдайлар да –жеңу үшін беріледі. Қорқынышты жеңу – бұл даму, бір қадам алға басу немесе бір саты жоғарыға көтерілу, тұлғалық өсу.

Аударған: Бек КЕРІМ,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Қандай ҚАТЕЛІКТЕН сабақ алмай, ҚАЙТАЛАЙ бересіз?