ЖҰЛДЫЗНАМА және ДЕНСАУЛЫҚ: қандай сырқаттан сақтануыңыз керек?

0
2 636

Әрбір 12 белгі иесінің ағзасында өзіне тән әлсіз тұстары болады


ЖҰЛДЫЗНАМА және ДЕНСАУЛЫҚ: қандай сырқаттан сақтануыңыз керек?

Жұлдызнама тек белгі иелерінің мінез-құлқы, өмірі жайлы ғана емес, олардың денсаулықтары туралы да біршама ақпарат бере алады. Әрбір 12 белгі иесінің ағзасында өзіне тән әлсіз тұстары болады. Өзіңіздің қай жеріңіз осал екенін және қандай сырқаттан сақтанып жүру керектігін білгіңіз келсе, біз айтамыз.


Тоқты

Сырт көзге сау көрінгенмен, Тоқтылардың ағзасы ауруға шалдыққыш. Белгі иелерін бас ауруы жиі мазалайды. Жұтқыншағы да жиі ауырғыш. Сондай-ақ, иммунитеті әлсіз болғандықтан, түрлі инфекцияларды тез қабылдайды.


Торпақ

Торпақтардың тамақ пен құлағына айрықша мән беріп, суықтан сақтағаны жөн. Көмей және көмекей бездерінде жиі мәселелер туындап тұрады. Сондықтан да олардың тамағы бітіп, даусы қарлығып тұрған сәтін жиі көреміз.


Егіздер

Тыныс алу жолында ақау басым. Белгі иелері арасында астмаға шалдыққандар көп. Сондай-ақ, демікпеден мезі болғандар да жиі ұшырасады. Өмір жолында жиі кездесетін жайсызықтардың тағы бірі – қолын шығару, қол сүйегін сындыру, білезік буынының ауыруы.


Шаян

Белгі иелерін ас қрыту мүшелері, асқазан аурулары жиі мазалайды. Асқорыту жүйесінің дұрыс жұмыс жасамауы олар үшін мәңгілік мәселедей. Сондай-ақ, бауыр ауруларымен де жиі алысады.


Арыстан

Белгі иелері арқасының ауыратынын айтып жиі шағымданады. Сонымен қатар, артерия, қантамырларында үнемі мәслелер пайда болып тұрады. Көбіне қан қысымы тұрақсыздығынан, қанның ұюынан зардап шегеді.


Бикеш

Көбіне асқазаны мазалайды. Белгі иелеріне тітіркенген ішек синдромы, іш қату, диарея және тағамдық аллергия диагнозлары жиі қойылады. Осының салдарынан тамақты талғап жеуге мәжбүр. Соның өзінде тамақтанудан соң өзін жайсыз сезінетін кездері көп.

Таразы

Бүйректің саулығына көбірек мән бергені жөн. Көбіне, ауру-сырқауы зәр шығару жүйесіне байланысты болады. Бүйрекке тас жиналу қаупі де жоғары. Осы ауруларды болдырмай, алдын алатын жолдарын қарастырып, арнайы диета бойынша тамақтанып жүрген артық болмайды.


Сарышаян

Көп жағдайда қалқанша безі мен бауыры мазалайды. Сондай-ақ, белгі иелері арасында сыртқы жыныс жолдары арқылы жұғатын инфекция жұқтыру көрсеткіші жоғары.


Мерген

Белгі иелерінің ревматизмге шалдығу қаупі жоғары. Сонымен қатар, арқа, омыртқа ауруларына шағымданатын жағдай жиі болып тұрады.


Тауешкі

Бұл белгі аясында туғандардың тісі және қол-аяқ буындары осал болып келеді. Оған қоса, суық тию, тұмау, жедел репираторлы жұқпалы аурулардан жиі зардап шегеді.


Суқұйғыш

Қантамырлары әлсіз болып келеді. Соның себебінен тамырлардың түйнеліп кеңеюі, қол мен аяқтың ісінуі, гипертония диагноздары жиі қойылады.


Балықтар

Олар түрлі зиянды құмарлықтардың алдында әлсіз, тез тәуелді болып қалады. Салдарынан сан алуан ауруларға душар болуы әбден мүмкін. көбінде ұқйысыздың пен аллергия мазалайды.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


Осы ӨМІРДЕГІ басты МИССИЯңызды білесіз бе?