​Нумерологиялық сан сәйкес келмесе, сүйіктіңізбен бақытты бола алмайсыз

0
6 840

Өмірлік жар таңдауда нумерологиялық санына да мән беру керек дейді санның құпиясын зерттегендер...


​Нумерологиялық сан сәйкес келмесе, сүйіктіңізбен бақытты бола алмайсыз


Нумерология бойынша, сандар адамның жеке өміріне ғана емес, қоршаған ортамен қарым-қатынасына да әсер етеді. Мәселен, сіздің саныңыз біреудікімен сәйкес келіп тұрса, жақын жандарға айналып кетулеріңіз оңай. Ал келесі бір кісінікімен сәйкес келмесе, тіл табыса алмай, жараспай, тіпті себепсізден-себепсіз ұрыс-керіс орын алуы да мүмкін. Сондықтан, ең маңызды қадамдардың бірі – өмірлік серік, жар таңдағанда жеке сандарыңыздың қаншалықты сәйкес келетінін білген артық болмайды. Осы арқылы болашақта арақатынастарыңыз қалай өрбиді, соңы немен тынады – осы тұрғысында біршама мәлімет аласыз.


Бұл үшін ең алдымен махаббат сәйкестігі санын есептеп алу керек.

Бірінші қадам – өз туған күніңіз бойынша жеке саныңызды табу. Мәселен, 20.01.1992 болса:

2+0+0+1+1+9+9+2=24, 2+4=6

Одан соң сүйіктіңіздің туған күні бойынша нумерологиялық санын есептейсіз. Айталық, 15.08.1992 болса:

1+5+0+8+1+9+9+2=35, 3+5=7

Соңында екеуңіздің жеке сандарыңызды бір-біріне қосу арқылы ортақ сәйкестік санын табу қажет:

6+7=13,(бір таңбалы сан шыққанша қосасыз) 1+4=5


Енді тек осы сәйкестік саны бойынша нумерологтардың шешімімен танысу ғана қалды.


1

«Бірлік» – бұл көшбасшылар саны. Сіздердің отбасылық өмірлеріңіз, қарым-қатынастарыңыз көпке үлгі болады. Маңызды шешім қабылдайтын тұста бір-біріңізге қолдау білдіруге шеберсіздер. Қызығушылықтарыңыз ортақ, көзқарастарыңыз сәйкес, ойларыңыз да көбіне бір жерден шығады. Бірақ, бұл – уақытпен келетін құндылық.

Олай деген себебіміз, отбасылық өмірдің бастапқы кезеңдерінде көптеген сынақ беріледі. Олармен бірге күресіп, бірге жету арқылы ғана береке-бірлікті шыңдап, жоғарыда айтқан жағдайға жетесіздер. Сондықтан, бастапқы кезеңде шыдам мен түсіністік, құрмет пен сыйластық қажет.


2

Сәйкестік сандарыңыз «екілік» болса, ол адаммен отбасын құрмас бұрын жеті рет өлшеп, он рет ойлану керек. Ол адаммен отау құрған жағдайда қарым-қатынасты реттеу қиынға түседі. Себебі, көзқарастарыңыз әртүрлі болғандықтан, пікір қайшылығы жиі орын алады. Мақсаттарыңыз бір болуы мүмкін, бірақ оған жеткізер жолды екеуіңіз екі түрлі көресіздер. Жоспарды да екі түрлі құрасыздар. Егер осы тұста біріңіз екіншіңіздің алдыңызда кішіреюге, басымдық беріп, өзіңіз кішкене артқа қадам жасауға дайын болсаңыздар ғана жанұя құру туралы шешім қабылдауға болады.


3

«Үштіктердің» отбасылық өмірі тынымсыз әрі тұрақсыз болады. Әйткенмен, бұл жаман мағынада емес. Ерлі-зайыптық қарым-қатынас күнделікті тіршілік, бала-шаға, ағайын-туыстың айналасында қалып қоймайды. Олар барынша жан-жақты дамиды. Бір-біріне жеке тұлға ретінде қарап, жеке дамуына, қызығушылықтарын қамтамасыз етуге бостандық береді. Бірақ, бұл тым ұзаққа созылса не тереңдеп кетсе, арада бір-бірінен алшақтау, суып кету сынды мәселелер туындауы да мүмкін. Сондықтан, таразы басын тең ұстап отыру маңызды.


4

Сіздердің басты отбасылық ортақ тақырыптарыңыз – мансап баспалдағында көтерілу, табысты арттыру және әл-ауқаттарыңызды көтеру болады. Осы мақсатқа жету үшін бір-бірлеріңіздің кемшіліктеріңізге көз жұма қарап, қателіктерді кешіре білесіздер. Сырт көзге тым қызықсыз, іш пыстыратын, ортақ әңгімесі, жылы сезімі, әдемі естеліктері жоқ отбасы болып көрінесіздер. Бірақ, өздеріңізді осы жағдай қанағаттандырса, еш мәселе жоқ. Тек бір-біріңізге қажетк езінде тиісті деңгейдегі қолдауды білдіре алсаңыздар болғаны.


5

«Бестіктер» жұбының отбаслыық өмірі күтпеген оқиғаларға, тосын сыйларға, жаңа әсерлер мен эмоцияға толы болады. Айналасындағы адамдармен тығыз қарым-қатынаста. Сөйте тұра, бір-біріне сапалы уақыт пен көңіл бөлуге қашан да мүмкіндік табады. Бір-бірінің шаруасына (үй шаруасы, жеке жұмыс, хобби, т.с.с.) қолғабыс етуді, қамқорлық жасауды да ұмытпайды. Жетістіктерін бағалайды, жеке басын құрметтейді. Осындай керемет үйлесімге тек анда-санда бас көтеріп қалатын эмоционалдық тұрақсыздық, қызуқандылық қана көлеңкесін түсіруі мүмкін. Алайда, мұндай жағдайлар қай отбасында болмайды? Тек жиі емес, зәуде бір болса, арақатынасқа түрлі бояу қосуға ол да сеп.

6

Сәйкестік сандарыңыз «6» болса, қалпағыңызды аспанға ата беріңіз. Және ол адамнан айрылмауға барыңызды салыңыз. Себебі, бұл – отбасылық одақ үшін ең сәтті сан. «Екі жарты – бір бүтінге» айналып, бір-біріңізді терең түсініп, жұбайлық гармонияға оңай жетесіздер. Отбасылық құндылықтарыңыз, мақсаттарыңыз, қызығушылық, көзқарас – бәрі ортақ болып, жарқын болашақты бірге құрасыздар.


7

Жеке сандарының сәйкестігі «7-ге» тура келген жандар бір-біріне толық сенім артып, махаббатты ту етіп өмір сүре алады. Көп уақытын оңашада, тыныштықта өткізгенді ұнатады. Себебі, олар бір-біріне қашан да қызық. Тіпті, сырттай үнсіз отырса да, іштей тілдесе, түсінісе алады. Бірінің дамуына екіншісі үлесін қосып, мәселе туа қалса, бірге шешіп, жетістікке де бірге жетеді.

Бірақ, қоғамның бір бөлшегі болғандықтан, бұл жұпқа айналасына да назар аударып, адамдармен араласуға, қарым-қатынас ортасын кеңейтуге мән бергені дұрыс.


8

Сәйкестік саны «8» болатын жұбайлар жетістікке жеткен, табысты, әр құрған жоспарын жүзеге асыра алатын алғыр отбасына айналады. Басты ортақ тақырыптары – қаржылық мәселелер. Жанұялық табыстары артып, қаржылық жағдайы тұрақталған сайын олардың одағы да аяғынан нық тұра береді.


9

Ортақ сандары «тоғыздық» болатын жұптар бір-бірінің кемшіліктеріне көз жұмып қарайды, өзара одақтарының басты мақсаты не екенін жақсы біледі. Осы екі нәрсе оларды отбасылық шынайы бақытқа жеткізеді. Сырт көзге бір арнада тоғыспайтын екі түрлі адам болып көрінуі мүмкін. Алайда, өздері арадағы үйлесімді жақсы сезеді. Екінші жартыңды жақсы көру, оған қамқорлық жасау және есесіне еш қайтарым күтпеу – ерлі-зайыптық қарым-қатынаста ең керек қасиеттердің бірі болса, сол қасиет «тоғыздықтардан» табылады.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


Күйеуіңіз СЫЙЛЫҚТЫҢ АСТЫНДА қалдырсын десеңіз