НУМЕРОЛОГИЯ: Сіз тұратын ҚАЛАНЫҢ ЭНЕРГИЯСЫ қандай?

0
309


НУМЕРОЛОГИЯ: Сіз тұратын ҚАЛАНЫҢ ЭНЕРГИЯСЫ қандай?

Сурет: ЖИ

Қай қалада бақытты болатыныңызды, мансапты қалай оңай құра алатыныңызды білгіңіз келе ме? Олай болса, көмекке нумерологияны тартыңыз. Қаланың энергетикасын анықтап, оның сізге сәйкес келетін-келмейтінін білу аса қиын емес. Ол үшін кестеге қарап, қала атауындағы әрбір әріптің өзіне сәйкес санын жазып алыңыз. Содан соң сандарды қосып, қосындысы бір цифр шыққанға дейін есептеңіз. Осылайша шыққан нәтиже сан қаланың энергетикалық коды мен сипатын айқындап береді.

1

А, Ә, И, С, Ъ,

2

Б, Й, Т, Ы, І,

3

В, К, Қ, У, Ұ, Ү, Ь,

4

Г, Ғ, Л, Ф, Э

5

Д, М, Х, Һ, Ю

6

Е, Н, Ң, Ц, Я

7

Ё, О, Ө, Ч,

8

Ж, П, Ш,

9

З, Р, Щ,

Мысалы, АСТАНА: А – 1, С – 1, Т – 2, А – 1, Н – 6, А – 1.

1+1+2+1+6+1=12,1+2=3

Демек, Астана қаласының энергетикасы – 3 санында сипатталған.


Қалалардың нумерологиялық мәндері мен сипаттамасы

Қала энергиясы – 1

Бұл – өмірі қайнаған, тым құбылмалы әрі белсенді қала. Мұндай ортаға тек ішкі тірегі мықтылар ғана төтеп береді. Тіпті көшбасшылардың өзі қарқыннан шаршап, жиі демалысты, қалпына келтіру шараларын қажетсінуі мүмкін. Сондықтан мұнда көбіне ең мықты әрі тәуелсіз жандар тұрақтайды. Бұл мекен адамнан үнемі шыдамдылық пен батыл шешімдерді талап етеді. Егер қиындықтардан қорықпайтын болсаңыз, бұл қала рухыңызды шыңдай түседі.


Қала энергиясы – 2

Бұл – мол мүмкіндіктер мекені. Мұндағы сәттіліктер мен мүмкіндіктер алақанға өзі кеп түседі. тек ұстап қала алсаң және жауапкершілікпен арқалай алсаң болғаны. Оларды дұрыс пайдалана білу қажет. Бұл қала адамның ішкі интуициясы мен дипломатиялық қабілеттерін дамытуға үлкен септігін тигізеді. Мұнда жаңа танысулар мен пайдалы байланыстар арқылы өмірлік мақсаттарға жету әлдеқайда оңайырақ.


Қала энергиясы – 3

Үштік қалаларының энергетикасы ерекше, керемет! Оны келген сәттен-ақ бірден сезінуге болады. Бұл мекенде мейірімді, жаны таза және әрдайым көмек қолын созуға дайын адамдар көп шоғырланған. Мұндай орта шығармашылық пен шабыттың ашылуына аса қолайлы жағдай жасайды. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарына жан дүние тыныштығы мен қуат сыйлайды.


Қала энергиясы – 4

Бұл – тұрақтылық пен сабырдың қаласы. Мұнда келушілерді өлшеулі, тәртіппен реттелген, бірқалыпты өмір стилі күтіп тұрады. Бұл мекен кенеттен болатын өзгерістерді ұнатпайтын, тыныш өмір салтын қалайтын жандарға таптырмас таңдау. Төрттік қаласы барлық істе жүйелілік пен сезімталдықты бағалайды.


Қала энергиясы – 5

Бұл – оқиғаларға толы, қызықты қала. Мұнда сізбен күн сайын әдеттегі ұсақ мәселелерден бастап, табиғи құбылыстарға дейін әртүрлі жағдайлар орын алып тұрады. Өмір ырғағы тұрақсыз, тұрғындары да соған сай өзгеріп отырады. Бұл қала тұрақтылық пен тыныштық іздеген жандарға мүлде сәйкес келмейді.


Қала энергиясы – 6

Отбасын құруға және шаңырақ көтеруге қолайлы, ең тамаша қала. Әсіресе қызмет көрсету саласында еңбек ететіндерді мол табыс пен жетістік сыйлайды. Егер шектен тыс атақ пен асқақ даңқтың соңына түсіп кетпесеңіз, бұл мекенде жайлы өмір сүру үшін жағдай жасау қиын емес. Мұндағы жайлы атмосфера адамға отбасылық жылулық пен бақыт сыйлайды.


Қала энергиясы – 7

Бұл – тұрғындары оңашалықты ұнататын, консервативті қала. Рухани ізденіс пен ішкі әлемді түсінуге мол мүмкіндік береді. Мұндағы орта жалғыз қалып ойға шомып, философиялық тұрғыда толғанатын жандарға майдай жағады. Ал көпшіл экстраверттер үшін қолайлы нұсқа бола қоймас.


Қала энергиясы – 8

Сегіздік қаласы үнемі даму, жаңарып-жаңғыру үстінде. Мұнда күн сайын бір жаңалық орын алады. Бұл мекенде әрбір адамның мансап пен өмірде үлкен жетістікке жетуге мүмкіндігі бар. Алайда жаңадан көшіп келгендерді алдымен сынап алады, біраз қиындықтар туындауы мүмкін. Нағыз бақ тек ең мықты әрі мақсатына берік жандарға ғана серік болады.


Қала энергиясы – 9

Бұл қала баяу, бірақ сенімді түрде дами отырып, кішігірім қадамдармен үлкен жетістіктерге қол жеткізеді. Егер сіз көздеген мақсат пен мансап тым биік болса немесе берік қарым-қатынас орнатқыңыз келсе, бұл орын тамаша үйлеседі. Тоғыздық энергиясы адамға рухани кемелдік пен ішкі гармония сыйлайды.

Әр елдімекеннің энергетикасы мен мінезі тұрғындарының тағдырына айтарлықтай әсер етеді. Нумерологиялық есептеулер арқылы өз қалаңызды түсіну өмір жолыңызды жеңілдетіп, үйлесімділік пен табысқа жетудің бір тәсілі. Өз мекеніңізді дұрыс таңдау арқылы болашағыңызға сенімді қадам жасап, ішкі әлеміңіз бен сыртқы орта арасындағы тепе-теңдікті сақтай аласыз.

Аударған: Х. ОРАЛ,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Ең ҮНЕМШІЛ ЖҰЛДЫЗ белгілері: Кім ақшаны ұқыпты ұстайды?

ШҰЛЫҚ кию ЖЫНЫСТЫҚ ӨМІРдің сапасын жақсартады

Бұл ФИЛЬМдерді көрсеңіз, ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІлерді өшіріп тастайсыз