​Кәдімгі ҚАРА ШАЙ ІШІП те арықтауға болады

0
6 423

Қара шайдың семіздіктен арылтатын қасиеті бар дегенге сенесіз бе?


​Кәдімгі  ҚАРА ШАЙ ІШІП те арықтауға болады

Ағылшын ғалымдары салмақты азайтуға тек көк шай ғана емес, қара шайдың да пайдасы барын анықтапты. Олардың тәжірибе жүргізу үшін тышқандарды пайдаланғаны белгілі болды.


Ғалымдар тышқандарды төрт топқа бөліп, әрқайсысын былайша тамақтандырған:

  1. Қант пен майы аз тағам;
  2. Қант пен майы көп тағам;
  3. Майы мен қанты көп тағам + қара шай;
  4. Майы мен қанты көп тағам + көк шай.


Зерттеу нәтижесі бойынша шай ішкен топтағы тышқандар құнарлы тамақтанғанына қарамастан аз май жинаған. Ғалымдар мұны көк шай мен қара шайдың құрамындағы полифенолға байланысты дейді. Антиоксиданттың бұл түрі адамның жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысына және арықтауға жақсы әсер ететінін дәлелдеген. Бірақ та екі шайдың құрамындағы полифенолдар бір-біріне ұқсамайды.Сондай-ақ, зерттеу көк шайдан табылатын полифенолдар қанға тез түсетінін көрсеткен. Ал, қара шай құрамындағы полифенолдардың көлемі үлкендеу болғандықтан да қанға түсуі қиындау екен.

Тышқандарға жүргізген зерттеу барысында тағы бір нәрсе анықталған. Қара шай да көк шай секілді ішектердің жұмысына әсер етеді. Алайда көк шайға қарағанда қара шай пайдалы бактериялардың көбеюіне ықпал етеді екен. Бұл бактериялар арықтау үшін өте пайдалы. Ғалымдардың айтуынша тышқандар нәтижесі қандай болса, адамдарда да дәл сондай көрсеткіш көрсетеді деп сенімді түрде айтқан.

Бірақ, қара шайды күні бойы іше бергеннен семіздіктен құтыламын деп ойлап қалмаңыздар. Қара шайдың арықтауға септігі тигенін қаласаңыздар жаттығу жасап, күні бойы бұлшықеттермен жұмыс жасау керектігін ескертеміз. Сондықтан да қара шай мен көк шай іше жүріп, сымбатыңызды сымдай еткіңіз келсе, жоғарыдағы талаптарды орындауға тура келеді.


7 күндік шай диетасы


1-күн – күні бойы тек сүзбе жейсіз. Ал, шайды тамақтанудан жарты сағат бұрын қантсыз ішу керек. Сүзбенің күндік мөлшері: таңертең – 120 грамм, түскі асқа – 100 грамм, ал, кешкі тамаққа – 110 грамм жеген жеткілікті. Суды тамақтану барысында ішпеген дұрыс.


2-күн – тауық етінен тұрады. Таңғы асқа 100 гр. тұзсыз қайнатылған тауық еті, түскі ас – 150 гр., кешкі асқа 140 грамм ұсынылады.


3-күн – тек шай ішуге рұқсат етілген. Шайға сүт қатып ішуге болады.


4-күн – алма жейтін күн. Таңғы асқа 3 дана алма, түскі уақытта – 2 дана алма, бесін асқа 1 алма жеу ұсынылса, кешкі асқа тағы 3 данасын жеуге болады.

Арасында шай ішуді де ұмытып кетпеңіз. Лажы болса алманың көк түстісін таңдаңыз.


5-күн – таңғы асқа қайнатылған 100 гр. сиыр еті, түскі асқа 120 гр. ет, кешке 110 грамм ет дайындайсыз. Мұның барлығын бірге пісіріп, мөлшерімен бөліп қойсаңыз, кешке дейін жейтін асыңыз дайын тұрады.


6-күн – сәбіз күні. Таңғы ас – үккіштен өткізілген 2-3 дана сәбіз бен 1 шай қасық бал. Түскі ас – 3 дана үккіштен өткізілген сәбіз бен 1 ас қасық бал, кешкі ас – 3 дана шикі сәбіз.


7-күн – ботқа күні. Таңғы асқа 1 тәрелке ұнтақ жармасынан дайындалған ботқа жейсіз. Ботқаға жаңғақтар мен кептірілген жемістер қосуға болады. Ал, түскі және кешкі асқа 1 тәрелке ботқадан жеу ұсынылады. Бірақ, ештеңе қосудың қажеті жоқ. Тамақтанудан бұрын шай ішіп алу керектігін естен шығармау керек.

Диетаның негізгі шарттарының бірі - күніне 2 литр қара шай ішу міндетті.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Қыздай болғыңыз келсе - бала ЕМІЗЕТІН әйелдерге арналған ДҰРЫС диета


Қызанақ шырынымен бір аптада 7 КЕЛІ САЛМАҚ ТАСТАУҒА болады


Созылған ҚАРЫНДЫ кішірейтудің ЕҢ ТИІМДІ тәсілі