Қызанақ шырынымен бір аптада 7 КЕЛІ САЛМАҚ ТАСТАУҒА болады

0
4 697

​Сұлы ботқасы, айран диетасы дегендерден шаршадыңыз ба? Жаңаша бір әдісті тәжірибеден өткізіп көргіңіз келе ме? Ендеше қызанақ шырынынан тұратын диета дәл сізге арналады.


Қызанақ шырынымен бір аптада 7 КЕЛІ САЛМАҚ ТАСТАУҒА болады

Егер сіз қып-қызыл қызанақты сүйіп жейтін болсаңыз, онда тіпті жақсы. Себебі 100 мл қызанақта бар-жоғы 20 ккал ғана бар. Сонымен қатар, қызанақ жасұныққа бай көкөністердің бірі. Ол ағзаға жағымды әсер ете отырып, май қабаттарының көлемін азайтады. Ғалымдардың айтуынша қызанақ шырыны тек салмақты түсіріп қана қоймай, созылмалы май тіндерінің қабынуын тоқтататын кереметтей қасиетке ие.

Қызанақ шырынында сондай-ақ ерімейтін жасұнық бар. Бұл жасұнықтың көмегімен ішектегі пайдалы бактериялар нәрленіп, арықтауға көмектесетін микрофлоралардың сапасы жақсара түседі.


Қызанақ шырыны құрамындағы К дәруменінің көмегімен сүйек тінін нығайтады. Сонымен қатар, тері жабынын да қорғайды. Шырында тағы теріні ультракүлгін сәулелерден сақтайтын ликопин мен біріктірілген өсімдіктер бар.


Қызанақ шырыны арықтауға қалай көмектеседі?

Аталмыш шырынды тағамға қосымша сусын ретінде қабылдау керек. Тіпті, қызанақ шырынын кешкі аспен алмастыруға да болады. Алайда, қызанақ шырынымен диетаны бастамас бұрын дәрігермен кеңесіп алған дұрыс. Содан кейін ғана төмендегі диетаны пайдалана аласыз.


3 күнге арналған жылдам-диета

1-күн

Таңғы ас: 1,5 стақан тұзсыз қайнатылған қарақұмық жармасы. Осы ботқаны үш бөлікке бөліп, таңғы, түскі, кешкі асқа жейді. Күндіз 1,5 л қызанақ шырынын ішуге болады. Бірақ та шырын мен ботқаны бір уақытта жеуге болмайды.


2-күн

Екінші күні де қарақұмық ботқасы мен қызанақ шырынын пайдаланамыз. Алайда, тек 3 ас қасық қайнатылған қарақұмық жеткілікті. Осы үш ас қасық қарақұмықты үшке бөлесіз. Қызанақ шырынын сол қалыпта қалдырасыз. Яғни, 1,5 литр шырын жеткілікті.


3-күн

Үшінші күн – ең ауыр күндердің бірі саналады. Өйткені бұл күні қарақұмықты мүлде жемейсіз. Тек қызанақ шырынын қалағаныңызша ішуге рұқсат етіледі.


7 күнге арналған диета


Ескеріңіз: Күн сайын міндетті түрде 1 л қызанақ шырынын ішесіз.

1-күні – 5 дана қайнатылған картоп.

2-күні – 400 гр. майсыз сүзбе.

3-күн – 600 гр. құрамында крахмалы аз көкөністер.

4-күн – қайнатылған немесе бұқтырылған тауық еті.

5-күн – 100 гр. кептірілген жемістер: өрік, мейіз, қара өрік.

6-күн – 400 гр. табиғи йогурт.

7-күн пеште піскен балық.


Бір апта ішінде осы ас мәзірі бойынша тамақтанатын болсаңыз, 5-7 келі салмақ тастайсыз. Егер шыдамыңыз жететін болса, диетаны 2 аптаға соза аласыз. Бірақ екінші аптада ас мәзірін өзгерте аласыз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Созылған ҚАРЫНДЫ кішірейтудің ЕҢ ТИІМДІ тәсілі


Ашқарынға ОСЫ МАЙДЫ ішкенде тез САЛМАҚ ТАСТАЙДЫ