Қарындағы майды ​1 аптада кетіретін ДИЕТА

0
4 100

Қарынға май жиналудың себептері бар.


Қарындағы майды ​1 аптада кетіретін ДИЕТА

Ең алдымен қарындағы майды кетіру жолдарына емес, оның неліктен пайда болатынына тоқталып өтейік. Оның ең басты себептерінің бірі жиі-жиі стрестік жағдайға түсу болып табылады. Соның әсерінен кез келген адам жүйкесі сыр бергенде тамақты көп жейтіні белгілі. Әсіресе калориясы тым жоғары тағамдарды тұтыну, желінген әрбір торт кесіндісі бел мен бөксеге май болып жабысады. Мұндай кезде толықтай тәттіден бас тарту мүмкін емес. Дегенмен қанттың орнын алмастыратын зефир, мармелад, ащы шоколадтарды пайдалануға болады. Бірақ, түске дейінгі уақытта ғана жеуге кеңес береміз.

Аз қимыл-қозғалыс жасау да қарынға май жинайды. Қазіргі таңда жұмыстың көбін бір орында отырып, компьютермен жасауға тура келеді. Бір орында отырып жұмыс істейтіндерге спортпен шұғылданып, жүгіруге, көп қимылдауға кеңес берер едік.

Гормондық бұзылыстар да көп жағдайда адамның толысып кетуіне жол ашады. Егер гормон бұзылысы анықталса, дәрігерден кеңес алып, салауатты өмір салтын ұстану керек.

Қарындағы майды кетіру үшін соншалықты қатал диета ұстаудың қажеті жоқ. Тек дұрыс тамақтануды қолға алып, майлы жасушалардың пайда болуына, одан әрі жиналуына жол бермеу керек. Себебі кейбір тағамдар қарынға май жинауға ықпал етсе, кейбірі салмақ тастауға көмектеседі. Ендеше қандай тағамдарды тамақтану рационына қосу керектігін немесе қай тағамдардан бас тарту керектігін біліп алайық.


Не жеуге болады?

  • Тауық, күркетауық, қой еттері;
  • Бұзау бауыры;
  • Жұмыртқа;
  • Теңіз шаяны;
  • Тунец балығы;
  • Сүт, айран;
  • Ірімшік, брынза, қатты сыр;
  • Табиғи йогурт;
  • Кез келген көкөністер мен жеміс-жидектер.


Не жеуге болмайды?

  • Қақталған шұжық, шұжықша;
  • Қуырылған картоп және чипсы;
  • Қант, торт және конфет;
  • Қойылтылған сүт;
  • Тәтті бәліштер;
  • Құймақтар;
  • Шоколад, мармелад, печенье;
  • Тосаптар, бал, нан;
  • Қайнатылған картопты аз жеген дұрыс;
  • Макарондар;
  • Балмұздақ;
  • Спиртті ішімдіктер;
  • Пакеттегі шырындар, газды сусындар.


1 аптаға арналған ас мәзірі



Дүйсенбі

Таңғы ас: Табиғи йогурт, алма, 1 тілім қара нан мен қызанақ.

Түскі ас: Ірі тартылған ұннан жасалған 1 тілім қара бөлке, көкөніс салаты, 1 дана атуық аяғы.

Кешкі ас: Бұқтырылған гүлді қырыққабат, піскен алма, 1 ас қасық қарақарақат.


Сейсенбі

Таңғы ас: 1 тілім нан, азырақ джем, 25 гр. саңырауқұлақ, төмен калориялы шұжық.

Түскі ас: Салат, көкөніс сорпасы, 50 гр. ірімшік.

Кешкі ас: Бұқтырып пісірген брокколи, кәді, ақ балық, картоп, фасоль.


Сәрсенбі

Таңғы ас: 1-2 тілім нан, 1-2 дана қайнатылған жұмыртқа.

Түскі ас: Көкөніс салаты, 1-2 тілік қауын, азырақ фасоль.

Кешкі ас: Калориясы төмен кез келген тағам, пеште піскен қызанақ.

Бейсенбі

Таңғы ас: Ірі тартылған ұннан жасалған 1-2 тілім нан, қызанақ, ірімшік.

Түскі ас: 1-2 тілім бөлке нан мен салат, алма, азырақ қайнатылған ет.

Кешкі ас: қырыққабат пен апеьсин, майсыз сүтте дайындалған езбе, қайнатылған ет.


Жұма

Таңғы ас: сұлы жармасынан дайындалған ботқа, кішірек банан.

Түскі ас: көкөніс салаты, алмұрт, асшаян.

Кешкі ас: балық таяқшалары (рыбные палочки), жасыл бұршақ, қайнатылған фасоль.


Сенбі

Таңғы ас: Қауын мен табиғи йогурт.

Түскі ас: майсыз бифштекс, апельсин немесе алмұрт.

Кешкі ас: қайнатылған тауық еті, қызанақ тұздығы қосылған кеспе, кез келген жеміс.


Жексенбі

Таңғы ас: табиғи йогурт пен жеміс салаты.

Түскі ас: қырыққабат салаты, 1 дана киви, майсыз қайнатылған ет.

Кешкі ас: бұқтырылған тауық еті, болгар бұрышы мен балдыркөк. Азырақ пиязды қуырып, соның бетіне салып бұқтыруға болады.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Арықтау үшін таңертең бөлмеңізге күн сәулесін түсіріңіз


Дене мүсініңіз үшін өте зиянды 5 сусын