​Күзде үйдегі ЖАРЫҚТЫҢ көмегімен АРЫҚТАУҒА болатынын білесіз бе?

0
3 610

Арықтау тәсілдері де мезгілге қарай өзгеріп отыратынын естеріңізге саламыз. Сондықтан да ЖАРЫҚТЫҢ көмегімен арықтауға болатынына күмән келтірмеңіз.


​Күзде үйдегі ЖАРЫҚТЫҢ көмегімен АРЫҚТАУҒА болатынын білесіз бе?

Күз мезгілі де келіп қалды. Күн салқындап, ауа-райы өзгеретін сәтте семіздіктен арылғысы келетіндер де тамақтану тәртібіне азын-аулақ өзгерістер енгізуі керек. Бір жағынан күзде арықтаудың басқа мезгілдерден қандай айырмашылығы бар екенін білесіздер.



Ыстық және жылы сусындар

Күн салқындаған сайын адамдар бойын жылыту үшін тамақтанғысы келеді де тұрады. Өйткені суық күнде адам энергияны көбірек жоғалтады. Мұндайда не істеуге болады?

Тағы да оқыңыз: Өтіңізде тас бар деген диагноз қойылса, Сізге МАГНИЙ ДИЕТАСЫ көмектеседі

Күздің салқын ауа-райына үйрене алмай жаураған болсаңыз, жылуды тағамнан іздемеңіз. Тамақтанбас бұрын бір шыны ыстық немесе жылы сусын ішіңіз. Сүт қосылған ыстық шай немесе шашыратқыны демдеп сүтпен ішу керек. Осындай шайларға даршынды қоссаңыз, тәбетіңіз төмендейді. Сосын шайды аз-аздан, ұрттап-ұрттап асықпай ішкен жөн.

Міне, осылайша ыстық шаймен бойыңызды жылытып, содан кейін ғана тамақтануға отырыңыз. Өйткені жылы сусын ішкеннен кейін көп тамақ жей алмайсыз.


Ақуызы мол тағамдарды ас мәзіріне көптеп қосыңыз

Әдеттегідей тамақтану мәзіріне ақуызды көптеп қосқан дұрыс. Салат пен сорпаға немесе екінші тағамдарға қоссаңыз тағамның құнарлылығы арта қоймайды, тек қарныңыз тоқ жүреді. Мысалы, сүзбенің күні бойы 250-300 гр жеуге болады. Осылайша тамақтанғаннан кейін бұрынғыдай қарныңыз ашпайтын болады.

Күзде ақуызды көбірек жеуге тағы бір себеп бар. Күз мезгілінде суықтап қалу қаупі артады. Осындайда ақуыз ағзаны вирустар мен инфекциялардан сақтап, аурудың алдын алуға көмектеседі.


Түс пен жарық


Күзде күн сәулесі азайып, адамның көңіл-күйі де болмайды. Ауа-райының құбылмалылығы әсер ететіндіктен тағы да тамақтану арқылы жанымызды тыныштандырамыз. Содан соң жылы көрпеге оранып жатқанды қалаймыз. Таза ауада серуендеу, фитнеспен шұғылдануды ойыңызға да алмайсыз. Бұл "күзгі депрессия" деп аталады. Сондықтанда мұндайда үй ішіндегі шамдарды ауыстыру керек. Шамдар өте көп әрі жарық болғаны дұрыс. Жарық жерде сіз ас-ауқатты ойламайсыз. Өйткені көңіліңіз түспейді. Жаныңызды тыныштандыру үшін тіскебасар іздемейсіз. Осылайша салмаққа-салмақ қосудан сақтана аласыз.

Жалпы күзде бөлмені жарықтандырып, гардеhобты да ашық түсті киімдер мен толықтырыңыз. Қызыл, жасыл, сары, көк түсті маталар көңіл күйді көтереді.


Көкөністі көбірек жеңіз

Күз айларында көкөністің барлық түрін табуға болады. Бірақ тым қатал диета ұстанудың қажеті жоқ. Ағзаны дұрыс тамақтануға біртіндеп үйреткен дұрыс. Қуырылған картоп пен макаронды бұқтырылған көкөністер тағамымен алмастырамыз. Бірақ тек жартылай ғана. Көкөністерді қалай дайындаймын десеңіз де өз еркіңізде. Шикілей де қайнатып та, бұқтырып та көріңіз.


Статикалық жаттығулар


Аталмыш жаттығулармен қоғамдық көлікпен жүргенде, кассада кезекте тұрғанда да айналыса аласыз. Сырт киімнен сіздің жаттығу жасап тұрғаныңызды ешкім де байқамай қалады. Себебі статикалық жаттығуларды «көзге көрінбейтін жаттығу» деп те атайды. Алдымен мынадай қарапайым түрлерінен бастап көрейік:

  1. Тік тұрыңыз да, өкшені көтеріп, қайта төмен түсіріңіз. Жаттығуды кез келген жерде жасай аласыз.
  2. Енді керісінше өкшені басып, аяқтың ұшын көтеру керек. Осылайша жаттығуды бірнеше рет қайталайсыз.
  3. Тік тұрған бойда ішіңізді жиырып, босатып шынықтырыңыз. Демді сыртқа шығарғанда ішті тартып, дем алғанда керісінше босаңсытасыз.
  4. Сондай-ақ, бөксені де дәл солай жиырып, қайта босатасыз. Жаттығуды бірнеше рет қайталау керек.
  5. Өздеріңіз байқап отырғандай жаттығулардың жасалуы ешқандай қиындық тудырмайды. Ал, нәтижесінде салмағыңыз азайып, денеңіз тартымды бола түседі.


Телегимнастика

Теледидар алдында отырып жасалатын жаттығуды дәл осылай атауға болады. Кешкі уақытта теледидар алдына жантая кетпей, арықтаудың қамын жасаңыз. Тіпті, балалармен ойнап, қуаласып, жаттығуды осылай да алмастыра аласыз. Әйтеуір қимылсыз жатып алмасаңыз болғаны.

Егер үйде гантель немесе фитбол сынды спорттық құралдар болса, тіптен жақсы. Компьютерді немесе теледидарды орындыққа жайғасып алып емес, фитболға отырып қараңыз. Тізені сәл ғана бүгіп, фитболды іске қосыңыз. Бұл жаттығу аяқ бұлшықеттерін шынықтыра түседі.


Таразы


Аптасына бір рет таразыға түсіңіз. Сонда қаншалықты салмақ тастағаныңызды немесе қосып алғаныңызды біліп отырасыз. Егер де семіздікке бой алдырсаңыз, тез арада тағам құнарлылығын азайтыңыз болмаса тек жеңіл тамақ жеумен шектеліңіз.

Есте сақтаңыз! Күзде қатал диеталарды ұмытыңыз. Бұл мезгілде онсызда адамның жүйкесі жұқарып, депрессияға бейім болып тұрады. Диетаның орнын дұрыс тамақтанып, физикалық жаттығулармен айналысу арқылы толықтыруға болады.

Аударған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Өтіңізде тас бар деген диагноз қойылса, Сізге МАГНИЙ ДИЕТАСЫ көмектеседі


1 келі КЕБЕК + СҮТ қосылған ВАННА 1 күнде арықтатады


Неміс диетасы: 2 айда 25 келіге АРЫҚТАЙСЫЗ