​1 келі КЕБЕК + СҮТ қосылған ВАННА 1 күнде арықтатады

0
3 873

Арықтауға септігін тигізетін 10 түрлі ваннаны ұсынамыз.


​1 келі КЕБЕК + СҮТ қосылған ВАННА 1 күнде арықтатады

Мұндай ваннаны аптасына 3 реттен артық қабылдауға болмайды. Қарапайым қоспалардан дайындалатын ванналардың нәтижесін бірінші күннен-ақ байқайсыз.


1. Сүт пен бал ваннасы

1 литр сүтті қайнатып, оған 100 гр. бал қосыңыз. Сосын 150 гр қаймақ пен 150 гр. теңіз тұзын араластырып скраб жасап алыңыз. Сосын осы скрабты денеңізге жағасыз. 10-15 минуттан соң шайыну қажет. Енді ваннаға бал мен сүт араласпасын құйып, 20-25 минут ванна қабылдаңыз. Дәл осындай ваннан теріні жасартып, тегістейді әрі арықтатады.


2. Қыша ваннасы

1 стақан қышаны жылы суға салып, сұйық қамырға айналғанша араластырыңыз. Содан соң ваннанға құйыңыз. Мұндай ваннаны 10 минуттан артық қабылдауға болмайды. Артынша жылы душ қабылдап, жарты сағаттай оранып жатыңыз.


3. Жұмыртқа + ванилин ваннасы

Жұмыртқаны көпіршітіп алыңыз да, жарты стақан душқа арналған гельмен араластырыңыз. Осы араласпаға 1 шай қасық ванилин қосыңыз. Барлығын жақсылап шайқап, ваннаға құйыңыз. Жұмыртқа қосылған ванна зат алмасу жүйесіне жақсы әсер етеді.


4. Жөке гүлі қосылған ванна

Жөке гүлі шайын (қалташалардағы түрі де жарайды) демдеп, 40 минуттан соң ваннаға қосыңыз. Қарапайым ваннаны 20 минуттан артық қабылдамаған дұрыс.


5. Ас содасы мен тұз қосылған ванна

200 гр. ас содасы мен 300 гр. ас тұзын араластырыңыз. Сосын ваннанға салыңыз. Жылы су құйып, ваннаны 10 минут қабылдайсыз. Ас содасы мен тұздан дайындалған ваннаны қабылдаудан бұрын және кейін 2 сағат бойы ештеңе жемеу керек. Ал, ванна қабылдап болған соң 40 минуттай жылы оранып жатыңыз.


6. КЕБЕК + СҮТ қосылған ванна

1 келі кебекті 2 л сүтке салып қайнатасыз. 1 ас қасық бал қосып жіберіңіз. Осы қайнатпаны ваннан құйыңыз. Кебектен дайындалған ванна теріні жасартып, нәрлендіріп, жиыра түседі әрі сергіткіш қасиетке ие. Ваннаны жарты сағаттан артық қабылдауға болмайды.


7. Қылша (хвойная) ваннасы

Ваннаға су толтырып, 50-70 гр қылша ұнтағын салыңыз. Дәріханалардан қылша өсімдігінің сұйық әрі қатты түрлерін табуға болады. Ваннаны 15-20 минут қабылдап, арықтауға қол жеткізіңіз.


8. Дәруменді ванна

Жылы ваннаға 1 литр апельсин шырынын құйыңыз. Мұндай ваннаны қалағаныңызша қабылдай аласыз. Алайда, аллергиялық жағдайлардан абай болыңыз. Егер ванна қабылдау барысында тері қыши бастаса, тезірек судан шыққан дұрыс. Содан соң міндетті түрде жылы сумен шайынасыз.


9. Раушан гүлі мен майы қосылған ванна

Ваннаны 45 градусқа ыстылған сумен толтырып, раушан гүлінің күлтелерін және бірнеше тамшы раушан майын тамызасыз. Раушан гүлі қосылған ваннаның нәтижелі бола түскенін қаласаңыз, 1 литр сүт қосып, 20 минут қабылдауға болады.


10. Скипидар қосылған ерекше ванна

Дәріханаларда сатылатын скипидар сұйықтығын сатып алып (ваннаға арналған) нұсқаулығына қарап, ваннаны артериалды қан қысымыңызға қарай қабылдайсыз. Сары түсті скипидарды қан қысымы жоғары жандарға, ал, ақ түсті скипидарды қан қысымы қалыпты немесе төмен жандарға қабылдау ұсынылады.

Аударған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Неміс диетасы: 2 айда 25 келіге АРЫҚТАЙСЫЗ


5 күнде 5 келіге арықтататын ЖЕҢІЛ де ОҢАЙ диета