Өт қабына тас байланудың себептері өте көп. Егерде сізге дәл осындай диагноз қойылған болса, магний диетасын ұстаныңыз.
Жалпы, магний диетасы дегеніміз не?
Магний диетасы – магний элементіне бай тағамдардан құралған тамақтану тәртібі. Бұл элемент жүректің қалыпты жұмыс істеуіне, қан қысымына, буындарға, жүйке мен бұлшықет жүйелерінің жақсы жұмыс істеуіне атсалысады.
Магнийге бай тағамдарға: қарақұмық, күнжіт, арпа, күріш, грек жаңғағы, қызанақ, жұмыртқа, саумалдық, картоп және т.б. азық-түліктер кіреді.
Мұндай диетадан соң іштің ауырғаны басылып, ішектің жұмысы жақсарады. Аталмыш диета 4 күнге арналған.
Алғашқы 3 күнінде тек жылы сусындар ғана ішу ұсынылады. Оларға түрлі өсімдіктерден дайындалған тәтті шай, итмұрын қайнатпасы, су қосылған шырындар кіреді. Ең бастысы, шырындар мен қайнатпаларды 2 стақаннан артық ішпесеңіз болғаны. Жиі-жиі әрі аз-аздан әр ішкенде 2 ас қасықтан ішіп отырса, диета ойдағыдай әсер етеді.
Тек төртінші күні ғана азырақ кисель мен езілген ботқа жейсіз. Сонымен қатар, майсыз сүзбе, балық пен ет өнімдерін ас мәзіріне қосуға болады. Үшінші-төртінші күндерден кейін ішіңіздің ауырғаны басылып, жағдайыңыз айтарлықтай жақсарып қалады. Міне, осындай оңалудан соң мына төмендегі диетаны немесе өт қабында тас болған жағдайда ұстануға болатын кез келген диетаны ұстауыңызға болады.
Өт қабында тасы барларға арналған ас мәзірі
Ас мәзіріне қосылатын тағамдарды дайындау аса қиындық тудырмайды. Сондықтан да барынша шыдамдылық танытып, денсаулығыңызды күткеніңіз абзал.
Бірінші таңғы ас:
Дүйсенбі: сұлы ботқасы, шай, күлше.
Сейсенбі: сүзбе мен қаймақтан дайындалған пісірме, итмұрын қайнатпасы.
Сәрсенбі: қарақұмық ботқасы, лимон қосылған шай, күлше.
Бейсенбі: өсімдік майы қосылған қайнатылған макарон, лимон қосылған шай, күлше.
Жұма: сүзбе мен қаймақ араласпасы, сәбіз бен алма қосылған салат, кисель.
Сенбі: ұнтақ жармасы мен жұмыртқа қсоылған суфле, мармелад, шай.
Жексенбі: макарон мен мейіз, жүзімнен дайындалған пудинг, шай, пешке піскен алма.
Екінші таңғы ас:
Дүйсенбі: балғын сәбіз бен қызылша салаты, шырын.
Сейсенбі: сұлы мен қара өріктен дайындалған суфле, итмұрын қайнатпасы.
Сәрсенбі: картоп пен тауық еті қосылған салат, қара қарақаттан дайындалған кисель.
Бейсенбі: Кептірілген өрік пен жаңғақ қосылған сүзбе пісірмесі, шай.
Жұма: простокваша, бисквитті құрғақ күлше.
Сенбі: ұнтақ жармасы мен банан қосылған ботқа, тосап пен күлше.
Жексенбі: макароннан дайындалған пісірме, пеште піскен алма мен шырын.
Түскі ас
Дүйсенбі: етсіз борщ, қайнатылған тауық еті мен күріш, шырын.
Сейсенбі: қарақұмық қосылған сорпа, көкөністер мен балық пісірмесі, шай.
Сәрсенбі: макарон қсоылған сүт қосылған сорпа, картоп езбесі мен буға піскен котлет, шырын.
Бейсенбі: сұлы мен көкөністерден дайындалған сорпа, қайнатылған тауық еті, гүлді қырыққабат, итмұрын қайнатпасы.
Жұма: Күріш сорпасы, қайнатылған балық, асқабақ езбесі, кептірілген жемістерден дайындалған шырын.
Сенбі: етсіз сорпа, буға піскен жентектелген ет, шырындар.
Жексенбі: кептірілген жемістер қосылған езбе сорпа, жидектерден дайындалған кисель.
Бесін ас
Түстен кейінгі уақытта 1 стақан кисель, кефир ішуге немесе 100 гр. бисквитті құрғақ күлше жеуге болады.
Кешкі ас
Дүйсенбі: қайнатылған тауық еті мен теңіз қырыққабатынан әзірленген салат, банан, шырын.
Сейсенбі: буға піскен балық, қайнатылған қызылша мен жаңғақ салаты.
Сәрсенбі: көкөністер мен бұзау етінен дайындалған пісірме, тосап.
Бейсенбі: үндік еті мен гүлді қырыққабаттан дайындалған суфле, күлше, шай.
Жұма: тауық етінен дайындалған домбай (фрикаделька), макарон, шырын.
Сенбі: күріш пен теңіз өнімдері қосылған пісірме, сәбіз салаты, шай.
Жексенбі: үндік етінен дайындалған буға піскен котлеттер, пеште піскен асқабақ, күлше.
Ұйқыға жатардан 2 сағат бұрын үккіштен өткізілген алма немесе банан жеуге, 1 стақан шырын, кефир ішуге болады.
Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,
Тағы да оқыңыз:
1 келі КЕБЕК + СҮТ қосылған ВАННА 1 күнде арықтатады
Неміс диетасы: 2 айда 25 келіге АРЫҚТАЙСЫЗ