​Күзгі арықтау: ҚЫЗАНАҚ диетасы

0
3 472

Арықтау үшін ең күшті көкөніс – қызанақ. Неге? Қызанақпен қалай арықтауға болады?


​Күзгі арықтау: ҚЫЗАНАҚ диетасы

Егер семіздік ауруынан арылғыңыз келсе, қарапайым көкөніс сізді бұл тығырықтан алып шығады. Әсіресе осындай күз мезгілі қызанақпен арықтауға өте қолайлы болмақ. Құрамы пайдалы дәруменге бай әрі бағасы арзан. Сол себепті де дәл осы сәтті жіберіп алмаңыз.

Қызанаққа аллергияңыз болмаса болғаны ойланбай қып-қызыл көкөністі таңдап, диетаға отырыңыз. Балғын қызанақтың 100 грамында небәрі 19 ккал бар.


Қызанақпен қалай арықтауға болады?

Қызанақ диетасы екен деп тек қызанақты жеуге болмайды. Қызанақ қосылған салаттар мен тағамдарджы жиі дайындап жесеңіз жеткілікті. Сондай-ақ, тек қызанақтан тұратын (разгрузка) ас мәзірі бар күндердің бар екенін де ұмытпау керек.

Неліктен қызанақ деп отырған боларсыз. Қызанақ артық майларды жиырып, тәбетті басатын, зат алмасуды қалыпқа келтіретін қасиеттерге ие. Өте тез арықтамағанмен, қызанақ диетасы жағымды әсер қалдырады. Сондықтан да бұл диета барлық нәзікжандыларға ұнайды. Тез арада сымбатыңыз сымдай боп кетпесе де, бір-екі аптада нәтижесіне көз жеткізесіз.


7 күнге арналған қызанақ диетасы

Аталмыш диетаның көмегімен 1 аптада 10 келі салмақ тастауға болады. Бес күннен кейін алғашқы екі күннің ас мәзірін қайталайсыз.

1-күн

Таңғы ас: 1 тілім қара нан, 1 алма.

Түскі ас: қызанақ қосылған салат (1 дана қызанақ, 1 шай қасық зәйтүн майы, дәмдеуіштер).

Бесін ас: 1 дана апельсин.

Кешкі ас: 2 дана пеште піскен қызанақ, 3 дана орта көлемдегі сәбіз.

2-күн

Таңғы ас: 1 құты йогурт.

Түскі ас: қызанақ қосылған ыстық салат (2 дана қызанақ, қияр, пияз, 1 ас қасық лимон шырыны, зәйтүн, дәмдеуіштер)

Бесін ас: 1 дана орташа көлемдегі алма.

Кешкі ас: қызанақ сорпасы (Пияз, 2 ас қасық томат, 2 стақан суды жай отта қайнатады. Сорпаға қара бұрыш пен тұз қосуға болады)


3-күн

Таңғы ас: 2 тілім қара нан.

Түскі ас: 2 дана қызанақ пен 2 дана жұмыртқадан дайындалған омлет.

Бесін ас: 1 стақан қызанақ шырыны (томатный сок).

Кешкі ас: 2 дана дәмдеуіштер қсоылған қызанақ.

4-күн

Таңғы ас: 1 тілім қара нан, 1 дана орташа көлемдегі апельсин.

Түскі ас: 2 дана піскен қызанақ пен тәтті бұрыш.

Бесін асҚ 1 дана қызанақ.

Кешкі ас: 2 дана қызанақ пен 1 тілім қайнатылған тауық еті.

5-күн

Таңғы ас: 1 дана алмұрт және 1 стақан қызанақ шырыны.

Түскі ас: 2 дана қызанақ.

Бесін ас: 2 дана орташа көлемдегі сәбіз.

Кешкі ас: 1 дана қайнатылған картоп, 1 дана сәбіз және 1 дана қызанақ. Дәмдеуіштер қосуға болады.

Қызанақ диетасын былай да түрлендіруге болады. Егер қажет деп тапсаңыз бір күндік ас мәзірін пайдаланып көріңіз.


Таңғы ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа, 1 стақан қызанақ шырыны.

Тіскебасар: 2 дана алма.

Түскі ас: тауық еті мен күріш қосылған тағам, қызанақ шырыны.

Бесін ас: 1 дана апельсин.

Кешкі ас: қызанақ, зәйтүн, зәйтүн майы қосылған салат.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Артық салмақты жоятын негізгі 4 ӘРЕКЕТ


Белсендірілген көмір ағзаны антибиотиктен тазалайды


АРЫҚ әлде ТОЛЫҚ? Қайсысының денсаулығы МЫҚТЫ?