АРЫҚ әлде ТОЛЫҚ? Қайсысының денсаулығы МЫҚТЫ?

0
4 454

​«Дені сау адамда артық салмақ болмайды» дегенге сенесіз бе? Диетологтар арықтау мен дұрыс тамақтануға қатысты қате ой-пікірлерді атады.


АРЫҚ әлде ТОЛЫҚ? Қайсысының денсаулығы МЫҚТЫ?

Сіз дұрыс тамақтануға байланысты барлық сұрақтарға дұрыс жауап бере алатын болсаңыз да, осындай қате пікірлерге иланып қалуыңыз мүмкін. Ал, мұны диетологтар теріске шығарып отыр. Сол себепті де арықтауды қолға алмас бұрын санаңыздағы сан сұраққа дұрыс жауап тауып, бұрыннан жатталып қалғандарын ойыңыздан шығарып тастаңыз. Ендеше бұл қандай қате пікірлер екенін білгіңіз келсе, төменге көз жүгірте отырыңыз!


Дені сау адамда артық салмақ болмайды

Денсаулығым сыр бермесе денсаулығым мықты деп ойламаңыз. Өйткені дене салмағы мен денсаулық бір-біріне байланысты болғанмен, салмақ пен фигура денсаулықтың жақсы-жамандығынан хабар бере алмайды. Мысалы, салауатты өмір салтын ұстанып жүрген ауыр салмақтағы адамның жағдайы, сымбаты келіскен, бірақ аз қимыл-қозғалыс жасайтын, қуырылған, майлы тағамдарды көп тұтынатын жанға қарағанда жақсырақ болуы ғажап емес.


Ет жемейтіндер ақуыз тапшылығанан зардап шегеді



Бұл пікір де қате деп айтуға болады. Себебі ақуыз тек ет өнімдерінде ғана болмайды. Ақуызды жасымық, асбұршақ, ноқаттан және тағы басқа бұршақ тұқымдастардан ала аласыз. Ет жемейтіндерге тек қана тамақтану рационын дұрыс құрып, ағзаға қажетті заттармен қанықтырса болғаны.


Жеміс-жидектерде қант көп

Жеміс-жидектердің құрамындағы қантты тәтті пісірмелермен, күлшелермен салыстыруға болмайды. Тазартылған (рафинированный) қант қандағы қант мөлшерін тез көтереді. Ал, жемістердегі қант басқаша әсер етеді. Тіпті, диета кезінде де жеміс-жидектерден бас тартпаған дұрыс. Тек шамадан асырып жемесеңіз болғаны.


Сояда әйелдер гормоны көп



Сояның құрамындағы әйелдерге тән гормондар көкірек қатерлі ісігінің пайда болуына әсер етеді деген ешбір дәлелденбеген пікірлердің бірі. Адамдағы эстроген гормондары мен өсімдіктердегі фитоэстрогендердің арасында айтарлықтай айырмашылық бар. Өсімдік гормондары адамның гормоналдық жүйесіне өзгеріс әкеле алмайды.

Соя ақуыз бен тағамдық талшықтарға бай пайдалы өсімдік. Жоғарыда айтылғандай жалған пікірлерге сеніп одан бас тартудың қажеті жоқ.


Арықтау үшін көмірсулы тағамдарды тамақтану рационына қоспау керек

Бұл да қате пікірлердің бірі. Дұрысын айтқанда көмірсулы тағамдарды азайтсаңыз болады. Ал, арықтау үшін толықтай көмірсудан тұратын тағамдарды тұтынбау мүлде дұрыс емес. Керісінше тұтас дәндерден тұратын азық-түліктердегі көмірсулар бойға күш-қуат беріп, тез шаршап қалмауға көмектеседі. Бұл өз кезегінде арықтауға да септігін тигізері сөзсіз. Ағзаға түсетін көмірсу пайдалы тағамдардан алынғаны абзал, Тазартылған көмірсуды лажы барынша пайдаланбаған жөн.


Майлы азықтар арықтауға кері әсер етеді

Азық-түліктердегі майлар май қабаттарына айнала салмайды. Дұрыс тамақтану кезінде ағзаға пайдалы майлар да қажет болады. Өйткені арықтау кезіндегі кез келген тамақтану мәзіріне пайдалы майлар кіреді. Мұндай майлар денсаулықты нығайтып, артық салмақтан арылуға септігін тигізеді екен. Алайда өсімдік майлары, авокадо, жаңғақтар, пістелер қосуға тыйым салатын диета болса, оны ұстанбаған дұрыс. Оның пайдасынан зияны көбірек болуы мүмкін.

Дайындаған: Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


АРЫҚТАЙ АЛМАЙ жүрсіз бе? 10 себебі болуы мүмкін


1 аптада 5 келі майды ерітетін диета


БОТҚА ДИЕТАСЫ 7-10 келі артық салмақтан арылтады