​Артық салмақты жоятын негізгі 4 ӘРЕКЕТ

0
5 141

Анаңыз, апаңыз, тіпті, әжеңіз семіздіктен арыла алмаған болса да, сізде артық салмақты жоятын мүмкіндік бар.


​Артық салмақты жоятын негізгі 4 ӘРЕКЕТ

Өмір өткен сайын адам тәжірибемен қатар, артық салмақ та жинайды екен. Әсіресе керексіз әрі зиянды майлар жүктілік кезінде жиналады дейді мамандар. Сосын оны жоғалту да қиынға соғады. Ал, кейбіреулер де артық салмақ қалып қояды. Мұны көптеген әйелдер тұқымқуалаушылық деп біледі. Алайда семіздік сізге қанмен келгеннің өзінде дене-бітімді тартымды етіп, сымбатты сымдай етуге болады. Ол үшін мына 4 әрекетті жасасаңыз болғаны.


Көп қимылдаңыз


Қозғалыс – бұл өмір! Дегенмен, біз мұны көбіне ұмыт қалдырып жатамыз. Жасымызға жас қосылған сайын қимыл-қозғалысты да азайтып, артық салмақ жинауға өзіміз ерік береміз. Нәтижесінде семіздіктің әсерінен көңіл- күйіңіз болмай, юойыңызды бойкүйездік билейді. Егер ары қарай да денеге май жиналғанын қаламасаңыз бассейнге жазылып, үй жағдайында-ақ жаттығулармен айналысыңыз. Былайша айтқанда белсенді болыңыз!


Тамақты азайтыңыз


Диванда жатып алып телелдидар қарай, чипсы мен балмұздақ жеу әйелдердің "сүйікті ісі". Мұндай жайлылыққа үйреніп алсаңыз, бұл әдеттен арылу мүмкін болмай қалады. Сондықтан да тамақтану рационыңызға мән беріп, көп тамақтанбауға тырысыңыз. Ең дұрысы білгір диетолог маман тауып, кеңескеніңіз жөн. Үнемі диетаға отырудың қажеті жоқ. Тек көп тамақ жеуден аулақ болып, ағзаға пайдалы тағамдарды тұтынған дұрыс.


Үнемі дәрігерден кеңес алып отырыңыз


Салмақтың кенеттен тез артуына ағзадағы гормондық өзгерістер мен басқа да денсаулықтағы кінәраттар себеп болуы мүмкін. Сол себепті де денсаулыққа немқұрайлы қарамаңыз. Үнемі дәрігерден кеңес алып, қалбылдауында болғаныңыз абзал. Гормондық өзгерістерді дер кезінде тоқтату сырт келбетіңіздің сұлулануына әсер етіп қана қоймай денсаулығыңызды нығайтатынын ұмытпау керек. Сонымен қатар, өміріңізді сақтап қалуы да ғажап емес.


Өмірлік белсенділігіңізді арттырыңыз


35-40 жасқа дейін көп әйелдердің өмірге деген құлшынысы артып, белсенділігі жоғары болады. Олар оқу оқып, мансап қуып, барлық іске үлгереді. Уақыт өте келе бұл белсенділіктің бәрі жай-жай төмендеп, әйелдер босаңси бастайды. Осы белсенділікті тұрақты түрде ұстап тұру үшін өзіңізге шұғылданатын бір іс табуға тырысыңыз. Мысалы, өз бизнесіңізді ашқыңыз келетін шығар немесе әлемді аралағыңыз келетін шығар. Тіпті, балалы болуды жоспарлауға да болады. Ең бастысы мына өмір сізге қуаныш сыйлап, талпынысыңызды арттыруы керек. Сонда өміріңіз сіз ойлағандай өтіп, дене-бітіміңіз де өзгермейді. Тек белсенділік танытсаңыз болғаны!

Дайындаған: Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Белсендірілген көмір ағзаны антибиотиктен тазалайды


АРЫҚ әлде ТОЛЫҚ? Қайсысының денсаулығы МЫҚТЫ?


АРЫҚТАЙ АЛМАЙ жүрсіз бе? 10 себебі болуы мүмкін